- Advertisement -

Ауыл балаларына арналған

66

- Advertisement -

республикалық IQanat олимпиадасы

Ауылдағы дарынды балаларды анықтауды көздеген республикалық IQanat олимпиадасының аудандық бірінші кезеңі аяқталды. 9-класс оқушылары бақ сынаған білім бәсекесі 10 ауданда математика, физика, ағылшын тілі және эссе «Эрудит» конкурсы бойынша өткізілді. Негізі бұл іс-шараны жыл сайын өткізу туралы мәміле Білім және ғылым министрлігі мен «IQanat білім қоры» қоғамдық қорының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумында көрсетілген.
Осымен елімізде екінші рет ұйымдастырылған олимпиадаға қатысуға республика бойынша 40 мыңға жуық 9-сынып оқушылары тілек білдірген. Оның 3892-сі – жамбылдықтар. Осылайша білім бәсекесінде өтініш білдірген 3892 үміткердің 3440-ына өз білімдерін сынауға мүмкіндік туды.
Олимпиаданың І кезеңіне қатысқан оқушылардың үздік көрсеткіш көрсеткен 25 пайызы 2020 жылдың сәуір айында жергілікті жерлерде өтетін олимпиаданың ІІ кезеңіне жолдама алады. Ал бұл сатыда жоғары нәтиже көрсеткен әр ауданның 4 оқушысы (барлығы 10 ауданнан 40 оқушы) осы жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңінде бақ сынайды. Басты бәсекеде жеңімпаз болғандар Қазақстанның және әлемнің беделді жоғары оқу орындарына грантқа түсуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар алдағы 2 жыл бойы «IQanat» білім қорының қолдауымен ұлттық бірыңғай тестілеуге EDUCON қосымша білім беру компаниясының көмегімен тегін дайындалатын болады. Мәселен, өткен оқу жылының 38 жеңімпазы қазір «IQanat» білім қорының, EDUCON қосымша білім беру компаниясының көмегімен ұлттық бірыңғай тестілеуге және ағылшын тілін меңгеру курстарынан өтуде. Ал 10 дарынды жеткіншек 2020 жылы Бурабайда ашылатын «IQanat Kazakh-English High School» жаңа мектебіне жеңімпаз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры тағайындаған гранттарды жеңіп алды. Олар биылғы оқу жылында аталған мектепте оқуын жалғастырмақ.

Толқын Нартаева,
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының аймақаралық үйлестірушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support