- Advertisement -

Ән салса, Оңал салсын әуелетіп…

107

- Advertisement -

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматованың есімі көпшілікке кеңінен таныс десек, қателесе қоймаспыз. Ол жан-жақты. Әсем әндерін бірде қазақтың қасиетті домбырасымен бебеулетсе, енді бірде эстрадалық жанрда шарықтатады. Ресми берілетін атақтар өз алдына ғой, әнсүйер жұртшылық Оңалға «Нағыз әнші» атағын баяғыда беріп қойған. Ең үлкен құрмет те сол елдің бағасы емес пе?Баласағұн атындағы орталық концерт залында ҚР Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматованың «Керемет кеш» атты шығармашылық кешіне жиналған жұрттың көптігінен залда ине шаншитын жер жоқ екенін көріп, көпшіліктің Оңалға деген құрметін сезіндік. Бұл концерттің өтуі де бекер емес. О.Азаматованың өмірге келгеніне елу жыл болса, сахнада жүргеніне 35 жылға жуықтаған екен.
Әдемі кеш әншінің Алтынбек Қоразбаевтың «Жайлауда» әнін әуелете шырқауымен басталды. Содан кейін бірнеше қазақтың халық әндері, қырғыз әндері орындалды. Осы орындауларды «Алатау» фольклорлық ансамблі сүйемелдегенін, «Ақкербез» би ансамблінің биші қыздары іс-шараға ерекше үлес қосқанын айта кеткен жөн. Мұнан соң Кеш иесі бірнеше жаңа әндерін шырқады. Жерлесіміз Мәлік Ақүрпековтің бірқатар тың туындыларын ән қоржынына қосқан екен. Мәдениет саласының үздіктері Қарлығаш Қожағазина, Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұлов та өнер көрсетіп, кештің мазмұнын аша түсті.
Кеш иесінің Заттыбек Көпбосынов Ақбота Керімбековамен бірге орындаған әндері де тыңдарман жүрегіне жетті. Концерт соңында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония тарапынан әншіге құрмет көрсетілді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support