- Advertisement -

«Цифрлық Қазақстан» – кітапханалардың жаңа келбетін қалыптастырды

1 774

- Advertisement -

Облысымызда бүгінгі таңда 274 мемлекеттік кітапхана өңір тұрғындарына мәдени-ақпараттық қызмет көрсетеді. 11 кітапхана (3 облыстық және 8 қалалық) Тараз қаласында шоғырланса, 263 мемлекеттік кітапхана өңірдің 152 ауылдық округінде қызмет атқарады.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, қорды сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.
Түрлі әлеуметтік топтар үшін бүгінгі таңда ең маңыздысы – әлеуметтік-құқықтық ақпарат. Ол барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, қоғамдық бірлестіктерге, кітапхананың түрлі санаттағы оқырмандарына сапалы және жедел қызмет көрсету үшін қажет.
Осы орайда облысымыздың мемлекеттік кітапханаларын өңір тұрғындарына ыңғайлы форматта баршаға қолжетімді болатын ауқымды, көп функционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде таныту маңызды. Талғампаз оқырмандардың талаптарын толыққанды орындап, кітапхана қызметіндегі қолданылатын әлеуметтік технология жүйесінің әлеуметтік серіктестік, «Паблик рилейшнз», «Фандрайзинг» бағыттарындағы жұмыстарын жүйелеп, руханият ордалары жұмыстарын жүзеге асырады. Бүгінгі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры – 3 605 707 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 1 831 780 дана басылымды құрайды. Олардың басым көпшілігі қоғамдық-саяси, филология, тіл білімі ғылымдары аясындағы басылымдар және көркем әдебиет.
Келушілер интеллектуалдық тұрғыдан дамуы үшін кітапханалар қорындағы дәстүрлімен қатар электронды форматтағы сан алуан ақпаратқа еркін және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету – парызымыз. Жұрттың қызығушылығы мен қажеттіліктерін бірінші кезекке қойып, кітапхана қызметкерлері олардың өздігінен білім алуына жағдай туғызуда.
Барлық жұмыс ел болашағы үшін атқарылуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа қызмет түрлерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру, пайдаланушылардың қолжетімділігін шектетпеуге мүмкіндік беретін цифрландыру жұмыстарын жүргізу арқылы кітапхананың электрондық кітап қорын құруға бағытталған тиянақты тірліктер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мысалы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру» жобасы енгізіліп, аталмыш жоба аясында кітап қорындағы 9249 дана құнды және сирек кітаптың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 5900-ден аса басылым цифрландырылды. Сонымен қатар 1949 жылға дейін цифрландырылған 156 сирек кітаптың электронды нұсқалары қазақстандық ұлттық электронды кітапхананың қорына жіберілді. Кітапхана жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшарт жасасу арқылы олардың шығармалары цифрландырылып, 83 кітаптың электронды нұсқалары кітапхана сайтына орналастырылды.
Бұл жұмыстар кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетудің дәстүрлі түрлерімен қатар электрондық ақпараттық қызметті ұсыну, әлеуметтік маңызды ақпарат пен білімге түрлі жас топтары мен тұрғындар санаттары үшін еркін қолжетімділік аясын кеңейту, оларға әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге жәрдемдесуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Ал кітапханаға деген сұранысты арттыру, заманауи нарықта руханият ордаларының жағымды имидждін қалыптастыру, пайдаланушылар мен өңір тұрғындары арасында жаңа көзқарас қалыптастыру және алға қадам жасай отырып, кітапхананы дамыту тетігін орнату мақсатында облыстың мемлекеттік кітапханаларында 2018 жылдан бастап ребрендинг жұмыстары жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстық мемлекеттік кітапханалар жанынан 1 бродкастинг залы, 1 релакс аймағы, 1 білім және 19 коворкинг алаңдары ашылды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен қатар қоворкинг орталықтары Тараз қалалық Абай, М.Әуезов, М.Шолохов атындағы және №6 кітапханалары, барлық 10 (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу) аудандық орталық кітапханалар мен Жамбыл ауданы Айша бибі, Жуалы ауданы Нұрлыкент, Қордай ауданы Степное, Талас ауданы Ақкөл ауылдық кітапханалары жанынан ашылып, өңір тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануына арналған заманауи көп функционалды ақпарат, білім және мәдениет орталығы ретінде қызмет ұсынуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында IT қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие екені көрсетілген. Осыған орай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі Қазақстанның жағдайында өңір кітапханаларының қоғамдағы кеңістігін дамыту, оларды үздіксіз өзгеріп отырған шарттарға бейімдеу мақсатында облыс әкімі А.Мырзахметовтің бастамасымен облыстағы мемлекеттік кітапханалар жанынан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды. «Цифрландырылған ақпараттық орталық ашу» тұжырымдамасында көрсетілгендей, орталықтар ауыл тұрғындарына көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, әртүрлі санаттағы тұрғындардың әлеуметтік маңызды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік субъектілерінің, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ауыл тұрғындарымен кездесулер, бизнес-тренингтер мен семинарлар өткізу алаңы ретінде пайдаланылуына жағдай туғызу мақсатында өз қызметтерін ұсынуда.
Облыс кітапханаларынан 153 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған. Оның 22-сі коворкинг, 131-і цифрландырылған ақпараттық орталық. 131 цифрландырылған ақпараттық орталықтың 5-і Тараз қаласында орналасқан кітапханалардың жанынан ашылса, қалған 126-сы 109 ауылдық округті қамтып отыр.
53 цифрландырылған ақпараттық орталық 2018 жылы, 78-і 2019 жылдың 10 айында ашылды. (2018 жылы — 40 ауылдық округ, 2019 жылдың 10 айында – 69 ауылдық округте)
2019 жылдың соңына дейін 19 округте орналасқан ауылдық кітапханаларда 19 орталық іске қосылады.
24 ауылдық округте орналасқан 24 кітапхана ғимараттарының сәйкес келмеуі мен интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты орталықтар ашуға мүмкіндік жоқ (ғимарат сәйкес келмеу себебінен – 22 ауылдық округте 22 кітапхана, интернет жылдамдығының төмендігінен – Мойынқұм ауданындағы 2 ауылдық округтегі 2 кітапхана). Ал 1 ауылдық округте (Байзақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі) кітапхана мүлдем жоқ. Нәтижесінде жыл соңына дейін 128 ауылдық округте орналасқан ауылдық кітапханаларда 172 орталық ашылады. Жалпы 131 цифрландырылған ақпараттық орталықтың пайдаланушылар саны – 95 мыңға жуық. Оның 34000 пайдаланушысы – Тараз қаласында орналасқан 5 орталықтың үлесінде, 61000 – ауыл кітапханаларындағы орталықтардың пайдаланушылары.
Ақпараттық орталықтарда «cao-zhambyl» сайты арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті ақпараттар, egov.kz порталындағы бірнеше қызмет түрлерін алуға мүмкіндік жасалған. Бүгінгі күні орталықтарда 16 мыңнан аса анықтамалар (балабақшаға кезекке тұру, мекен-жайы, соттылығы, жылжымайтын мүлкі, салымның қаражат түсу қозғалысы, зейнетақы қоры туралы т.б.) беріліп, тікелей сайт арқылы 5300-ден астам сұраныс қанағаттандырылды. Орталықтарда «Сao-zhambyl» сайты арқылы ауыл тұрғындарына күнделікті тұрмысқа қажетті 13 сала бойынша қажеті ақпараттар беріліп отыр. Айша бибі ауылдық кітапханасынан ашылған орталық үлгілі цифрландырылған ақпараттық орталық ретінде жабдықталды. Қаржысы – 5 миллион 790 мың теңге. Сонымен қатар Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық кітапханасы да үлгілі цифрландырылған ақпараттық орталық ретінде жабдықталып, 14 қараша күні Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевқа таныстырылды. Аудандық кітапхана директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен Айша бибі ауылдық кітапхананың базасында «Цифрлық Қазақстан: қоғам және ІТ технологиялар» тақырыбында семинар өтті.
Облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханада «Nut Otan» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында білім және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, заманауи дизайнмен жабдықталып, белсенді жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған кітапхананың бродкастинг, коворкинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтарының жұмысын түсіндіру мақсатында «Цифрлық Қазақстан: Рухани жаңғыру: кітапхананың жаңа келбеті» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.
Осы жылдың 14-15 мамыр күндері Байзақ және Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің базаларында «Цифрлық Қазақстан: цифрлы қоғам және ІТ технологиялар» аймақтық іс-шарасы өтті. Кластер бағдарламасына сәйкес ауыл кітапханашылары «Цифрлық Қазақстан: «еgov.kz порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері және оларды орындау тәсілдері» тақырыбындағы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің дәрісін тыңдап, «cao-zhambyl.kz» сайты арқылы ауыл тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары аясында тәжірибе алмасты. Бұл бағытта өзге де көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда.

Дүйсенәлі БЫҚЫБАЕВ,
облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support