- Advertisement -

Екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ

44

- Advertisement -

Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сооронбай Жээнбековпен бірге Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды.
Мемлекеттер басшылары 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға орнатылған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барып, рухына тағзым етті.

* * *

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік Әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін «Ақсақалдар» залында шағын құрамдағы келіссөздер өтті.
Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселелерді қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлылық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.
Қазақстан Президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.
Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support