- Advertisement -

Алыптар айқасы

23

- Advertisement -

Уайлдер Ортисті екінші мәрте жеңді

Аса ауыр салмақ дәрежесінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Деонтей Уайлдер уақыт өткен сайын өзінің шын мықты екенін дәлелдеп келеді. Қарсыластарының барлығын дерлік мерзімінен бұрын жеңуге әбден машықтанған Уайлдер сол жүрісінен жаңылған жоқ.
Бұл жолы Деонтей кубалық Луис Ортиспен екінші мәрте қолғап түйістірді. Бұл екі боксшы 2018 жылы алғаш рет кездескенде америкалық боксшының мерейі үстем болған еді. Деонтей Уайлдер бұл жолы да өзінің шын мықты екенін айқындап, қарсыласынан айласын асырды.
Жекпе-жек АҚШ оғланы үшін сәтті бастала қойған жоқ. Бірінші раундтан бастап-ақ кубалық оғлан қарсыласына соққыларын дарыта бастады. Алайда Уайлдер асыққан жоқ. Жойқын соққысын жұмсауға ниеттеніп жүргенін іс-қимылынан байқап отырдық. Раунд өткен сайын Луис Ортистің жойқын соққылары Уайлдердің иек тұсы мен бүйірін түйреп өтіп жатты. Алайда Деонтей міз бақпады.
Кездесудің қызығы алтыншы раундтан басталды десек, қателеспеспіз. Ұпай санымен жеңіліп жатқанын сезген Уайлдер қысымды арттыра түсті. Алайда алтыншы үш минуттықта ойлаған соққысын дарыта алмады. Шайқас жетінші раундта мәресіне жетті. Луис Ортистің ілкі сәтке әлсіздік танытқанын байқаған Деонтей тікелей соққысын дер кезінде жұмсап үлгерді. Бокс әлемінде «Кинконг» атанып кеткен Луис Ортис шаршы алаңға сұлқ құлады. Ол рефери онға дейін санағанша есін жия алмады. Нокаут! Осылайша АҚШ боксшысы Куба қабыланын екінші рет қатарынан нокаутпен жеңіп, өзіне тиесілі чемпиондық белбеуді қорғап қалды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support