- Advertisement -

«Қазір кітап оқылмайды» деген бос сөз

62

- Advertisement -

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал
ітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-кітапханашылар. Десек те бүгінде көптеген кітапханашыны толғандыратын бір мәселе бар. Ол – кейінгі кезде кітап оқитындар азайып кетті деген пікірдің жиі айтылуы. Шындығында оқырман азайған жоқ. Себебі бүгінгі оқырман сандық көрсеткіштен гөрі, нақты сапалық деңгейге өтіп жатыр. Оны кітапханалар мен кітап дүкендеріне деген сұраныстың артуынан байқауға болады.

Қазіргі кезде кітапхананың қызметі жан-жақты дамып келеді деп айтуға әбден болады. Әсіресе жігерлі жастардың басын қосатын мәдениет ордасы ретінде өз қызметін атқаруда. Атап айтсақ, біздің Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциялары, әдеби кештер, түрлі тақырыптағы тартымды кездесулер жиі өтіп отырады. Міне, осындай бастамалар арқасында кітапқа деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Бізде мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық сайыстарды өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл оқушылардың ғылымға деген зейін-зердесін ашуға өз үлесін қосып отыр. Еліміздегі рухани жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру да жолға қойылған.
Әрине, бірінші кезекте біздер жастармен жұмыс істейміз. Осы орайда ақын-жазушыларымыздың мерейтойларына, атаулы күндерге арнап іс-шара ұйымдастырамыз. Оған жастар белсенді қатысады. Кітапханада жасөспірім оқырмандарға арналған бірнеше үйірмелер жұмыс істеп, мазмұнды дүниелермен айналысады.
Оқырмандар қазақ ақын-жазушыларының, оның ішінде жаңа буын өкілдерінің шығармаларына зәру. Оларға айтылатын сын пікірлердің аздығы оқырманды толғандырады. Әдеби үдерістегі тың жаңалықтар, жаңа бағыттар туралы мәліметтер жеткіліксіз деп ойлаймын. Сонымен қатар әлем әдебиетінің соңғы жылдардағы үздік шығармалары қазақ тіліне толық аударылмағаны оқырмандарға қиындық туғызып жүргені жасырын емес. Аударма саласына көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ оқырмандардан жас буын өкілдерінің көпшілігі бизнес, мотивация, психологияға байланысты әдебиеттерді сұрайды. Алайда олардың саны жеткіліксіз және орыс тілінде болғандықтан оқырман қауым өз наразылығын білдіріп жатады.
Кітапхана оқырмандарының негізгі құрамы ғылым мен өндірістің түрлі саласының мамандары, аспиранттар мен ізденушілер, ғылыми қызметкерлер, жоғары және кәсіби оқу орындарының оқушылары және зейнеткерлер. Бүгінде кітапхананың 5 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар.
Оқырмандар сұранысы әр алуан. Олардың әрқайсысын әртүрлі тақырыптар қызықтырады. Қазақстан кітаптары бөлімінде Мұқағали Мақатаевтың жыр-дастандары, Мұхтар Әуезов шығармалары, Абай өлеңдері көп пайдала-нылады. Қазіргі оқыр-ман-дар-ды көп томдықтар да қызықтырып отыр. Сол секілді, әлеуметтану, саясаттану, философия, психология, тіл білімі салаларындағы кітаптар көп сұралады. Әлем әдебиеті бөлімінен сөздіктер, ағылшын тілінің грамматикасы, аударма ісі, ағылшын тіліне аударылған қазақ кітаптары сұралса, орыс тіліндегі әдебиеттерден психология, саясат, көркем әдебиет пен тарихи кітаптарға сұраныс көп.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапхана-шылардың еңбегі ұшан-теңіз.
Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет – әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып, қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден керек кітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті мол мағлұматты кітапханадан тауып жатады.

Жанар ТӘТТІМБЕТОВА,
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support