- Advertisement -

«Aq jol» – алпыс жылғы айнымас серігім

50

- Advertisement -

Мен кешегі Шерхан мен Қаратайдың құрдасымын. Біздер газет-журналдарды жата-жастана оқып, білгенімізді бір-бірімізге жеткізуге асығушы едік. Мектеп қабырғасында облыстық газетті үзбей алып тұратынмын.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасында Ленинград қаласындағы темір жол институтын бітіріп келген соң, бүкіл еңбек жолым Жамбыл темір жолында өтті. Кеңес өкіметі тұсында қазақ тілінің жағдайы қалай болғанын білесіздер. Оның үстіне темір жол саласы түгелдей орыс тілінде. Соған қарамастан осы жылдардың ішінде темір жол саласын қазақшаландыруға біркісідей атсалысып келемін. Міне, осы мақсатты жолымда «Aq jol» менің сенімді серігіме айналды. Қала берді сол кезеңнен бүгінгі күнге дейін жазған мақалаларым «Aq jol» газетінің бетінен түскен емес. Штаттан тыс тілші атанған кезім де болды.
Әнеу бір жылдары Талас стансасының атауын қазақшаландыруда осы облыстық басылымның көмегі көп тиген еді. Бүгінгі күні өңірдің 80 жылдығы қарсаңында облыстың бас газетінде танымдық, тағылымдық мақалалар жиі орын алып отыр. Келер ұрпақ келелі жолынан таймас үшін өңір тарихын кеңінен білуі керек. Міне, оларға жол сілтейтін, облыс тарихының шежіресі – «Aq jol».
Өз басым осы жасыма дейін тұрақты түрде жазылып келемін. Тіпті бір саны келмей қалса іздеп, елеңдеп тұрамын. Өйткені «Aq jol» – менің алпыс жыл бойы айнымас серігіме айналған газет.

 

Әбдуәлі ДАНАЕВ,Құрметті теміржолшы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support