- Advertisement -

«Еңбектің» игілігі көп

39

- Advertisement -

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында халықтың тұрмысын жақсартудың тиімді тетігі айқындалған. Оны өңірлерде жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс-шаралар айқын көрсетіп отыр. Осы мемлекеттік бағдарламаның аясында жас мамандар жұмысқа орналасып, өз кәсібін ашуға талпынғандарға шағын несие берілуде. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеген. Көрсеткіштер де ілгерілеген.
«Еңбек» бағдарламасы аясында биыл барлығы 13,3 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 9,3 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4 миллиард теңге бөлінген болатын. Соның нәтижесінде 1 қарашаға дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 36224 адам тартылды. Оның 17842-сі – ваканттық бос жұмыс орындарына, 3322-сі қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 1523-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 2409 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жолдама алса, 5035 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз тартылды. 1801 азамат «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқып, 875 жамбылдық «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқу курстарынан өтті. Шағын несие алғандыры – 1333 (оның ішінде 50 адам қалаларда өткен жыл қаржысынан шағын несие алды), грант ұтқандары – 1314. Соның ішінде есепті мерзімде 26809 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 94,7 пайызға (жоспар – 28336) орындалды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты бағдарламаның 1-бағыты аясында биыл барлығы 3883 адамды оқытуға 1610,5 миллион теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды жұмысшы мамандықтарына 2,5 жыл мерзімінде кәсіптік даярлауға 1108,7 миллион теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қарастырылған. 770 ниет білдіруші 1 қыркүйектен бастап кәсіптік білім алуда.
Тағы бір айта кететіні, қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 501,8 миллион теңге қаралған болатын. Өңірлік комиссия шешімімен тізілімге енген білім ұйымдары ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша курстық орындар бөлініп, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО) өтуде. 1 қарашада қысқа мерзімдік оқытуға 3322 адам жолданды. Ал курстан өткен 2543 адамның 1720-ы (67,6 пайызы) жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін оқуын аяқтағандардың кемінде 60 пайызын жұмысқа орналастыру межеленген.
Бағдарламаның 2-бағыты аясында барлығы 8288 азаматты қамтуға (шағын несиеге – 1905, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 3600, қайтарымсыз грантқа – 1783, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша – 1000 адам) 9180,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның 8147,6 миллион теңгесі шағын несие беру үшін қарастырылған. Ал несиені мемлекет тарапынан кепілдендіруге – 108,3, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 35, қайтарымсыз грантқа 889,5 миллион теңге берілді.
Бұл бағытта мемлекет тарапынан берілген қолдауларға ие болу үшін азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқуы тиіс. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 3600 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланды. Жыл басынан 1801 азамат жолдама алып, оның 1612-сі курсты аяқтап, оның 157-сі шағын несие алса, 80-і қайтарымсыз грант алды. Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 875 жас оқуын бітіріп, оның 385-і қайтарымсыз грантқа ие болды.
Жалпы биыл ауылдар мен қалада барлығы 8147,6 миллион тенге шағын несиесі 1905 адамға беріледі деп жоспарланған (ауылда – 1785 адамға 6661 миллион теңге, қалада – 120 адамға 1486,6 миллион теңге). 1 қарашаға дейін ауылда 1254 азамат 4922 миллион теңгенің шағын несиеге қол жеткізді. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 20, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 35 миллион теңге қаралып, екеуі де толығымен игерілді. Сонымен қатар Тараз, Жанатас, Қаратау қалаларында 120 тұрғынға барлығы 1486,6 миллион теңге несие беру көзделген. Оны «Даму» КДҚ АҚ арқылы қаржыландырылатын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ «АШҚҚҚ» АҚ арқылы береді.
Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. 79 қалалық тұрғын 1162 миллион теңге несие алды. Негізі қалада шағын несиені мемлекет тарапынан кепілдендіруге – 88,3 миллион теңге қаралып, 55,4 миллион теңге игерілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың бірі – қайтарымсыз гранттар екені белгілі. Биыл 1783 азаматқа 889,5 миллион теңгенің қайтарымсыз көмек көрсету жоспарланған еді. Есепті мерзімде 1314 адам 679,4 миллион теңге осындай қолдауға ие болды.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты бағдарламаның 3-бағыты бойынша 7206 адамды қамтуға 2584 миллион теңге бөлінді. Осы бағыт бойынша 1202 әлеуметтік жұмыс орнына 223,8 миллион теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1523 азамат жолдама алды. Маусымдық кезеңді аяқтаған 485 адамның 407-і (84,0 пайыз) тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Жастар тәжірибесімен 1844 жас маманға қолдау көрсету үшін 677,5 миллион теңге қарастырылғанын айта кеткен жөн. Бірақ жолдамаға ие болғандар саны 2409-ға жетіп, оның 1100-і (74,4 пайызы) тұрақты жұмысқа орналасты.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1682,7 миллион теңге қаржы қаралуы да – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудың бір жолы десек, артық айтпаймыз. Есепті кезеңде 5035 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылып, табыс тауып, әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.
Азаматтардың тұрмыс ахуалын жақсарту мақсатында бағдарлама шеңберінде «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін өз еркімен жұмысшы күшіне сұраныс көп аймақтарға қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылғаны белгілі. Біз бұл бағытты халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қарашаға дейін солтүстік өңірлерге 175 отбасы, 497 адам қоныс аударды. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан өңіріне – 61, Павлодар облысына – 23, Шығыс Қазақстанға – 48, Қостанай жаққа – 43 отбасы көшіп барды.
Қоныс аударған отбасыларға толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Жұмысқа қабілетті 254 азаматтың 151-і тұрақты жұмыс тапты. Солтүстік көшкен отбасылардың ішінде 15-29 аралығындағы 114 жасқа да қолдау көрсету жолдары қарастырылған. Ал мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі 207 бала балабақша және мектеп орындарымен қамтамасыз етілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі ІІ тоқсанда 4,8 пайызды, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады.

Тимуржан Нұрымбетов,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support