«Junior Eurovision-2019»: Ержан Максим екінші орын алды


«Junior Eurovision-2019»: Ержан Максим екінші орын алды

ГЛИВИЦЕ. ҚазАқпарат – Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

Еске салсақ, Ержан Максимнің «Junior Eurovision-2019» финалында өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/