- Advertisement -

Мақсат – межеге жету

102

- Advertisement -

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындары 10270,5 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 101 пайызды құрады. Өткен жылы есепті мерзімде бұл көрсеткіш 11440,2 миллион теңге болатын. Өнім көлемінің азаюы «Ақ тас», «Central Asia Gold Production», «СинеМедасстрой» серістестіктерінде орын алды. Есесіне, «Қазақдорстрой», «Тас Алға», «MВT», «Атырау ЖБИ», «Отаукұрылыс», «Первомайские деликатесы», «КордайАгротех», «Риха» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өнім көлемін артығымен өндіріп отыр.

Облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы келісімдегі бекітілген индикатор 10075,0 миллион теңгеге жоспарланып, 101,9 пайызға орындалды.
2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында аумақтық индустрияландыру картасына енгізілген жалпы жобалық құны 49 миллиард 840 миллион теңгені құрайтын 6 жоба іске асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезінде 510 және іске қосылу кезінде 889 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.
Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 37175,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 109,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы – 21360,7 миллион, мал шаруашылығында 15814,6 миллион теңгенің өнімі өндірілді.
Облыстық басқармалар мен аудан әкімі арасындағы бекітілген келісімге сәйкес, ауыл шаруашылығы бойынша 20 индикатор жоспарланса, бүгінде 3 индикатор орындалмауда. Олардың қатарында жоспарда ірі қара мал 72341 бас болса, нақты орындалғаны 70518 бас, қой мен ешкі 440000 бас болса, нақты орындалуы 432473 бас. «Қозы етін экспорттау» индикаторы 150 тоннаға жоспарланып, нақты 117,1 тонна экспортталды. Орындалмау себебі, ет өңдейтін зауыттарға ет тапсыру кәсіпкерлер үшін тиімді емес, себебі еттің нарықтық құны ет өңдеу зауыттарына қарағанда жоғары.
Биыл шаруашылықтар тарапынан 334,0 миллион теңгеге 31 дана техника және құрал-жабдықтар алынды. Оның ішінде, 12 техника мен 9 жабдық шаруашылықтардың өз қаражаттары есебінен алынса, 152,9 миллион теңгеге 16 техника лизингке берілді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2779,0 миллион теңгеге азайып, нақты көлем индексі 77,5 пайызды құрады. Көрсеткіштің орындалмауының негізгі себебі, өткен жылы 8,9 миллиард теңгенің ірі құрылыс жобаларының аяқталуы болды. Есепті кезеңде 1861,7 миллион теңге сомасына 50-ден астам кәсіпкерлік субъектілері заңдастырылды.
Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының көлемі 6780,9 миллион теңгені құрап, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6960,7 миллион теңге болды. Ал меншікті қаражат есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 941,5 миллион теңгеге ұлғайған.
Бекітілген межеге келетін болсақ, ағымды жылдың 3 тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 5500 миллион теңгеге жоспарланып, жоспар 123,3 пайызға орындалды.
Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» тұрғын үй алқабына инженерлік инфрақұрылымын жүргізу бойынша қиыршық тас жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ ағымдағы жылы аталған тұрғын үй алқабында су жүйелерінің құрылысы басталды. Жұмыс келесі жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік ғимаратына 20,3 миллион теңгеге ағымды жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыс осы айдың соңына дейін толық аяқталады.
Қордай ауылында жалпы құны 453,2 миллион теңгені құрайтын 5 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі – 2020 жылдың 15 тамызы.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 27,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 106,4 пайызды құрады. Ал бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 17604,9 миллион теңгені құрап, бекітілген межедегі индикатор 108,7 пайызға орындалды. Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 11587,8 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 113,2 пайызды құрады. Көлемнің артуы «Арбат», «Прима» және «Gr-agro» ЖШС-ларының сату көлемінің ұлғаюы есебінен құрылған.
Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жалпы салық түсімі 4131,9 миллион теңге деп жоспарланса, нақты орындалғаны 4820,4 миллион теңге немесе 116,7 пайыз. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 15149,7 миллион теңгеге немесе 99,5 пайызға орындалды. Бекітілген межедегі индикатор 98 пайызға жоспарланып, 1,5 пайызға артығымен орындалды.
Ауылдық округтер бюджеттің шығыс бөлігінің игере алмаушылығы 2,4 миллион теңгені құрады. Бюджет қаражатының игере алмаушылығы келесі бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне қатысты: білім, құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, спорт бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, аудан әкімінің аппараты, сонымен қатар Қарасу, Сарыбұлақ, Қордай, Жамбыл, Отар және Ноғайбай ауылдық округтері.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 20 нысанға 126,8 миллион теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңде барлық нысандар бойынша конкурс өткізіліп мердігер анықталып, 116,3 миллион теңгенің келісімшарттары түзетіліп, үнемделген қаражат 10,5 миллион теңгені құрады. Бүгінде 20 нысанның 17-сінде жұмыс аяқталды.
Аудан бюджеті есебінен қаржыландырылатын 48 мектепте 30462 оқушы және 9 мектептен тыс мекемеде 6507 бала білім алуда. Ал «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы желісінде биыл 525 орынға 5 жекеменшік балабақша мен қосымша топтар ашылды. Нәтижесінде барлық мекемені қосқанда 7474 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 92 пайыз, 3-6 жас аралығында 100 пайызды құрап отыр.
Аудан бойынша ресми түрде жұмыссыздар есебінде 1035 адам тіркелген. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша жыл басынан барлығы 2720 азамат қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 3069 адам қамтылды.
Есепті кезеңде аз қамтылған отбасыларының саны – 2789. Кедейшілік деңгейі 10,5 пайызға тең. Атаулы әлеуметтік көмекпен аудан бойынша 2789 отбасы немесе 15292 адам қамтылып, барлығы 1168,8 миллион теңгеге жәрдемақы төленді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған 19 отбасына 71,9 миллион теңге төленді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылы «Нұр ниет» қоры ашылды.
Жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмегі арқылы да аудан бойынша халықтың осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан 565 отбасыға жалпы сомасы 36,6 миллион теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 азаматқа 749,2 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 196 азаматқа жалпы 97,6 миллион теңге қаражат бөлінді.
Ауданда 8 коворкинг және цифрландырылған ақпараттық орталықтарды ашу жоспарланып, Степное ауылдық кітапханасында 1 коворкинг және әр ауылдан 8 цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Жыл соңына дейін Кенен ауылында 1 коворкинг және Кенен, Қарасай және Сұлутөр ауылдық кітапханаларында цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылатын болады. Аудандағы мәдени ошақтардың қатарын көбейту мақсатында «Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша Отар ауылына 180 орындық және Жамбыл және Қарасу ауылдарында 90 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 13,1 миллион теңге қарастырылды.
Ауданда спортпен шұғылданушылардың саны 43150 адамды немесе жалпы аудан халқының 29,9 пайызын құрайды. Ағымдағы жылы демеушілердің көмегімен 8 ауылдық округте 10 «стритворкаут» алаңшалары ашылды.
Ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында денсаулық сақтау саласы бойынша 8 нысанның құрылысы аяқталуда. Биылға облыстық бюджеттен жаңадан іске қосылған нысандарға негізгі құралдарды сатып алу үшін 423,6 миллион теңге, ал жалпы скринингтік зерттеулер үшін республикалық бюджеттен 271,1 миллион теңге бөлінді.
Аудандық аурухана бойынша бала туу көрсеткіші 2495 бала, өлім-жітім 611 адам, оның ішінде 1 ана өлімі тіркелді.
Ағымды жылы Әлжан ана ауылында су жүйесінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде аудан бойынша 29 елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылды.
Биыл ауданда жалпы ұзындығы 16,9 километрді құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын «Ауқатты-Бәйтерек» автожолының құрылысы басталды. Қордай ауылының Төле би көшесінде, «Болашақ» мөлтек ауданына кіреберісінде көпір салынуда.
Сондай-ақ 6,5 миллион теңгеге Кенен, Алға, Қоғадыр, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 және Беріктас ауылдарында автобус аялдамаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Есепті мерзімде ауданда тіркелген қылмыс саны 547 оқиғаны құрады. Аса ауыр қылмыстар – 20, ауыр қылмыстар – 47,2, орта дәрежедегі қылмыстар 9 пайызға төмендеген. Қылмыстың ашылуы өткен жылдың сәйкес жылымен салыстырғанда 2,5 пайызға артты.
«Жол қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 11,7 миллион теңге бөлініп, жергілікті полиция бөліміне 30 дана планшет пен 30 дана термопринтері сатып алынды.

Болатбек БАЙТӨЛЕ,
Қордай ауданының әкімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support