- Advertisement -

Қоңыр күз

54

- Advertisement -

Тағы да қоңыр күз келді,
Ұнайды маған күз бірақ.
Күз деген – сезім, әсерлер,
Кетпеспіз одан біз жырақ.

Тереңге барлап кім барған,
Сезіне алмасақ ұят-ты.
Күрең күз кейде сұрланған,
Өмірдің өзі сияқты.
Сезімнің емес жеңілі,
Сырласа қалса, қос ғашық.
Олардың да көңілі,
Күзбенен тұр-ау астасып.

Алай да дүлей бұл дәурен,
Толқыған асау теңіздей.
Жапырақ айтқан сырлармен,
Менің де жаным егіздей.

Түспейді көзге құсың да,
Ызғардан кері ыршыдық.
Қарашаның ұшында,
Қалтырайды тіршілік.

Көңілді болмас күйреткен,
Долданса да – мына күн.
Өмірді бізге үйреткен,
Қоңыр күз – біздің мұғалім.

Әсел БҰРАЛХИЕВА.

Қаратау қаласы.
Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support