- Advertisement -

Әлем чемпионатынан олжалы оралды

48

- Advertisement -

Оңтүстік Корея мемлекетінің Чхонджу қаласында жауынгерлік самбодан ерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеге әлемнің 80 мемлекетінен 500-ден астам спортшы қатысып, жүлдеге таласты. Бұл әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында еліміздің намысын 9 балуан қорғаса, олардың ішінде жамбылдық жерлесіміз Ерлан Махмудов та бар. Ерлан Серікұлы 68 килограмм салмақта қола жүлдеге қол жеткізіп, жауынгерлік самбо спорты бойынша әлем чемпионатынан олжалы оралды. Бұл жеңіске жеке жаттықтырушысы Ержан Баймұратовтың да қосқан үлесі үлкен. Алдағы уақытта Е.Махмудов басқа да айтулы аламандарда топ жаруды көздеп отыр.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support