- Advertisement -

Алтын медаль Қазығұртқа кетті

54

- Advertisement -

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт сарайында шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты республикалық турнир өтті. Іс-шара облыстың 80 жылдығына арналды. Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, барлық командаға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Түркістан облысында аудан әкімі болған Әлмахан Аймұрзаев, кәсіпкер Инаят Қырықбаев, спорт жанашыры Әзімбек Тілешов те жылы лебізін білдірді.
Бұл турнирге Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстардан 33 әулеттен футбол командалары қатысты. Өңірімізден оннан аса команда қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасында әулиеаталық Байшақовтар, таластық Қалаубековтер, тараздық Мәуленовтер, Ахметовтер командаларының да сәтті өнер көрсеткенін айта кеткен жөн.
Дегенмен, төрешілер шешімімен шын мықты анықталды. Шешуші ойында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан келген Жолдасовтар командасы қаратаулық Құлахметовтер командасын ұтып, жеңімпаз атанды. Құлахметовтердің еншісінде – күміс жүлде. Қола жүлде Алматы облысынан келген «Тарғап» отбасылық командасына бұйырды.
Жарыс қорытындысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support