- Advertisement -

Еліміздегі ең арзан әрі таза ауызсу Таразда ғана…

133

- Advertisement -

Елімізде бір жылдың ішінде тұрғындарды таза да сапалы ауызсумен қамту деңгейі 8 пайызға артқан. Нәтижесінде былтырғыға қарағанда ел халқы үшін төлемақы көлемі ыстық суға – 7, суық суға 8 пайызға арзандап отыр. Табиғи көздерден алынатын су мөлшерінің 5 пайызға артуының арқасында ауызсумен қамту – 7, тұрмыстық сумен қамту 5 пайызға өскен. «2019 жылдың 9 айында табиғи көздерден алынған су көлемі 2,2 миллиард текше метрді құрады. Оның 60 пайыздан астамы – тұрмыстық мақсатқа пайдаланылатын су. Ал ауызсу көлемі – 869,6 миллион текше метр көлемінде. Ағымдағы жылдың қазан айында да тарифтер қыркүйектегі деңгейде қалды. Тек ыстық су 0,1 пайызға арзандаған. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ыстық су тарифі 9 айда 6,9 пайызға төмендепті. Тарифтің құлдырауы Ақтөбеде тіркеліп отыр. Мұнда ыстық су 28,5 пайызға арзандап, әр текше метрі 180,3 теңгені құрауда. Ал ең қымбат тариф Алматы қаласына тиесілі. Мұнда бір текше метр ыстық судың құны 394,2 теңге», – деп жазады бұл тұрғыда Energyprom.kz сайты.
Ал ауызсу Тараз қаласында айтарлықтай арзандап отыр екен. Бір текше метр мұздай судың құны бұл қалада 47,3 теңге көлемінде. Демек, ең арзан әрі таза ауызсу әзірге Таразда ғана. Ең қымбат тариф Ақтау, Атырау және Қарағанды қалаларында тіркелген.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support