- Advertisement -

ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕРЕКҚОРҒА 109550 АЗАМАТ ЕНГІЗІЛДІ

59

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты биылғы алғашқы Жолдауында «Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қол жетімділігін арттыру» деп атап көрсетті. Президент тапсырмасын орындауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының маңызы зор. Бүгінде жер алып, басына баспана салуға ниет білдірген тұрғындар саны еселеп артып келеді. Жер үйі бар азамат бау-бақша салады, бірлі-екілі ірі қара малы мен азды-көпті уақ мал ұстасам дейді.
Жер алуға өтініш білдірген тұрғындар саны жылдан-жылға артып келеді. Өтініш білдіргендердің нақты дерегін біліп отыру үшін облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер теліміне кезекке тіркелген азаматтардың тізімін электронды нұсқаға ауыстыру және жер теліміне нақты сұраныс көлемін анықтау мақсатында электронды дерекқор жүйесі әзірленді.
Электронды дерекқор жүйесі http://izhs.uzo-zhambyl.kz сілтемесі арқылы қол жетімді. Электронды дерекқор жүйесіне Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер теліміне 2019 жылдың 1 қарашасына дейін кезекке тіркелген 116 081 азаматтың 109 550-і енгізілді.
Электронды базалық дерекқор жүйесіне енгізілген азаматтардың тізіміне басқарма мен Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктері тарапынан талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 7 317 азамат бір отбасынан кезекке тіркелсе, 293 азамат азаматтардың хал-актілерін жазу бөлімінің (АХАЖ) мәліметтеріне сәйкес қайтыс болған. Электрондық дерекқор жүйесіне тіркелгендердің ішінде 7 Ұлы Отан соғысының ардагері, 27 ауғандық жауынгер бар. 565 азамат өзге облыстан тіркелсе, 192 азамат кезекке қайта тіркелген.
Электронды дерекқор жүйесіне енгізу сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Тараз қаласы және аудандар әкімдіктері тарапынан тұрақты жүргізілуде.
Осы орайда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер учаскесіне арнайы кезекке тіркелген азаматтардың тізімін электронды форматқа көшіру және автоматтандыру үшін кезекке тіркелген азаматтарды жеке куәліктерімен бірге жергілікті Тараз қаласы бойынша жер қатынастары және аудандар әкімдіктері бойынша жергілікті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдеріне келулері қажет.

Дәулет ДОСАНОВ,
облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support