- Advertisement -

«Аq jol»-мен 60 ЖЫЛДАЙ БІРГЕМІН

53

- Advertisement -

Мен 1960 жылдан бастап «Аq jol» газетінің тұрақты оқырманы әрі қоғамдық тілшісімін. Облыстың бас басылымын «Сталиндік жол», «Еңбек туы» аталған кезінен бері, міне, 60 жылдай бойы үзбей оқып келемін.

Ниязхан БЕЙСЕНОВ,аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

1922 жылдың 1 мамырынан бері жарық көріп келе жатқан ата газет – «Аq jol»-да бір кездері ардагер журналист, басылымды ширек ғасыр басқарған Баттал Жаңабаев және қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, марқұм Арғынбай Бекбосын бас редактор болып еңбек етті. Бүгінде газет дизайны толығымен өзгерген. Оқырмандарға аптасына 3 рет жол тартады. Соңғы уақытта жарияланып жүрген «Кері байланыс» арқылы қарапайым халық қысқа да нұсқа, маңызды сауалдарына тиісті мамандардан нақты жауаптарын алуда. Күнделікті шығып тұратын «Экономика», «Саясат», «Руханият», «Зерде», ай сайын жарық көретін «Айша бибі», «Маздақ», «Оқырман отауы», «Ғылым-білім ғажайыптары», «Шөкеңнің шошаласы» секілді сан алуан беттер де оқырмандардың іздеп жүріп оқитын беттеріне айналған. Мұнан да бөлек түрлі беттер мен айдарлар оқырманнан жақсы деген бағасын алып үлгерген.
Осы орайда облыс тұрғындарына «Ғасырға қадам басқалы отырған ата газетімізге бір жылға жаппай жазылайық, ағайын!» деген үндеу тастағым келеді.

Түймекент ауылы,Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support