- Advertisement -

Білімді болғың келсе, «aq jol»-ға жазыл!

151

- Advertisement -

Біздің облыстың бас басылымы –
«Аq jol»-ға жұртшылықтың ықыласы айрықша. Ғасырға жуық тарихы оның елмен етене, өміршең әрі қажетті ақпарат құралы екенін дәлелдейді.

Өңірде қаламы ұшталған небір журналистің, ақын мен жазушының «Аq jol»-дың мектебінен өткені, осында олардың табанының ізі жатқаны, маңдай тері төгілгені де жасырын емес. Ата газетте мен де кейінгі жылдарда зейнет жасына дейін еңбек етіп, оның жарыққа шығуына өз үлесімді қостым. Мен бірақ өзімді ең бірінші кезекте «Аq jol»-дың адал оқырманы ретінде қабылдаймын. Өйткені ондаған жылдар бойы оған үзіліссіз жазылып келемін және зейнетке шықсам да қол үзбедім. Үзбек емеспін. Өйткені бізге керектің бәрі осында.
Өзімнің замандастарыма да, соңымнан ерген жастарға да айтарым, сауатты, білімді, замана көшінен қалмайтын зерек болғың келсе, «Аq jol»-ға жазыл!

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
Талас ауданының Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support