- Advertisement -

Кешікпей келем деп ең…

662

- Advertisement -

«қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа алматыда ескерткіш ашылды

«Вальс королінің» ескерткіші Алматы қаласындағы Республика сарайының солтүстік жағына қойылған.
«Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың махаббатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыттаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қана қойған жоқ, бүкіл қазақ жерін, қазақ елін тербетті. Ел тәуелсіздік алған

соң Халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деп әспеттеді. Ондай атаққа жететін даңқ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерткіштің ашылу салтанатында.
Ескерткішті таныстыру рәсіміне өнер саласының майталмандары, өнерсүйер көпшілік, қаланың зиялы қауымы, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова және ұрпақтары келді. «Бүгін сондай құтты күн болды. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет! Шәмші Қалдаяқов – халық сүйген композитор, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», – деді Жәмила Қалдаяқова.

Сөзі: Мұхтар Шаханов
Әні: Шәмші қалдаяқов

Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтемін кінәлап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support