- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі француз саясаткерін қабылдады

37

- Advertisement -

Жак Аттали Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.

Сурет : Ақорда8 Қараша 2019, 17:56

Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, «Attali and Associes» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.

Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support