- Advertisement -

Екі мыңға жуық шабақ су айдынына жіберілді

55

- Advertisement -

Өңірде табиғи және жасанды су тоғандарындағы балық шаруашылығын қолға алу мәселелері жолға қойыла бастады.
Мәселен, Каменное көліне сазан, тұқы, ақ амур және дөңмаңдай балықтарының екі мыңға жуық шабағы жіберілді. Жыл соңына дейін тағы да осынша көлемде балық шабақтарын су айдындарына жіберу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың барлығы арнайы комиссия мүшелерінің жіті бақылауында.
Өткен жылы облыстағы балық өсіруші кәсіпорындар 1,5 миллион балық шабағын өзен-көлдерге жіберген болатын. Мамандардың айтуынша, күзгі маусым кезінде қолайлы уақыт туындайтындықтан, шабақтардың өсіп-жетілуі 70 пайызға дейін артады. Ал аймақта сексенге жуық кәсіпорын балық шаруашылығымен айналысады.
– Қазір тауарлы балық шаруашылығы өндірісіне баса мән берілу үстінде. Егер балық түрлерін өсіріп, оны өндірістік деңгейге жеткізген мекемелер болса, олардың 30 пайызға дейінгі шығындары мемлекет тарапынан өтеледі. Оған қоса арнайы техникамен қамту және балық өнімдерін өңдеу саласы үшін де мемлекеттен арнайы қаржы бөлінеді, — дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі басқармасы басшысының орынбасары Болат Асамбеков.

«Aq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support