- Advertisement -

Жасампаз қала – Жамбылым

94

- Advertisement -

Облысымыздың құрылғанына 80 жыл толуына орай мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Жасампаз қала – Жамбылым!» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланған жиында туған өлкенің тарихы сөз болды. Атап айтсақ, облыстың құрылу кезеңі, археологиялық ескерткіштері, республикалық, облыстық маңызы бар тарихи-мәдени нысандар жайы айтылды. Қазіргі кездегі облыс тарихын зерттеп жүрген ғалымдар ұсынған дереккөздері мен мәліметтер талқыланды.
Жаңа бағыт, тың ой айтқандар белгілі жазушы-мұрағаттанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Елен Әлімжан, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы директорының орынбасары, тарихшы-археолог Сауран Қалиев болды. Жалпы конференцияға 130 ғалым, оқытушы-педагог қатысты.
Іс-шара аясында жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-10-сынып оқушыларының жұмыстары топтастырылған «Туған жерім – Жамбылым» атты фото-көрме ұйымдастырылды.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support