- Advertisement -

«jambyl» Телеарнасының турнирінде тараздықтар топ жарды

45

- Advertisement -

Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық «Jambyl» телеарнасы бірлесіп, жасөспірімдер арасында көркем гимнастикадан ашық біріншілік ұйымдастырды. «Тараз–Арена» спорт сарайында өткен бұл жарыс облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдық мерейтойына арналды. Аламанның ашылу салтанатында аталған телеарна директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев сөз сөйлеп, өзі еңбек ететін ұжымның толайым табыстарына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл жарысқа Қырғыз республикасы мен Өзбекстан елдерінен, Нұрсұлтан қаласынан және еліміздің барлық облыстарынан 600 жасөспірім спортшы қатысып, бақ сынады. 2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында тараздықтардың бәсі жоғары болды. Атап айтқанда жерлестеріміз Амина Каримова мен Алина Әбілғазина чемпион атанып, алтыннан алқа тағынды. Күміс жүлде де тараздық Мерей Расулға бұйырса, қос қоланы Қызылжар қаласынан келген Владислава Ешмұратова мен Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Арина Салимова иеленді. 2002 жылы туғандар арасында тараздық Асылай Асқар жеңістің биік тұғырына көтерілді. Ол осы кезге дейін де жасөспірімдер арасында ел чемпионы, спорт шебері екен. Өзге топтарда да жеңімпаз – жүлдегерлер қатарында тараздықтардың есімі көбірек аталды.
Облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығына арналған турнир жеңімпаздарын Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк пен аталған телеарна директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев медальдармен, диплом, сыйлықтармен марапаттады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Суретті түсірген Юрий КИМ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support