- Advertisement -

«Ақмолда» мешіті пайдалануға берілді

69

- Advertisement -

Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында «Ақмолда» мешітінің ашылу салтанаты өтті. Онда сөз сөйлеген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек түркістандықтарды Алланың жердегі үйінің ашылуымен құттықтады.
– Мешіт – адамды имандылыққа бастайтын орын. Ал бақыттың негізі иманда екендігі белгілі. Жылда ауылдық округтеріңізде көшелер жөндеуден өтіп, жаңа нысандар ашылуда. Клуб үйі жаңартылып, ауыл ортасында ардагерлер аллеясы бой көтеруде.
Көрші жатқан Арыстанды ауылына өмірі болмаған ауызсу берілді. Енді, міне, жаңадан бой көтерген мешіт ауылға көрік беретін әдемі ғимараттың біріне айналып отыр.
Бұл мешіт ауылда ислам дінін одан әрі нығайтуға және жастарды имандылық пен адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге қызмет етеді деп сенемін, – деді ол.
Мұнан соң ҚМДБ-ның облысымыз бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл,Түркістан ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дәуітбек Бейімбетов ізгі ниеттерін арнады. Осы ауылдан түлеп ұшқан сыйлы азаматтар мен ауыл ақсақалдары да лебіз білдірді.
Мешіттің ашылу салтанатында ҚМДБ-ның облысымыз бойынша өкілі Қанат Жұмағұл мен Әшір Бүркітбаев ауылының құрметті қариясы Құлыбек Майхиев ал қызыл лентаны қиды. Жаңа мешітте жұма намазы оқылып, жиылған жамағатқа ас берілді.

Дариха Үмбетиярова.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support