- Advertisement -

«AQ JOL» БАСЫЛЫМЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

135

- Advertisement -

Мен Сарысу ауданының шалғай ауылында тұрамын. жетпіс тоғыз жасымда күнделікті газет-журналды үзбей оқып отырамын.

Маған облыстық «Aq jol» газеті ерекше ұнайды. Өңірдегі аға газеттің әр нөмірін жібермей, асыға күтіп, іздеп жүремін. Себебі «Aq jol» газеті көңілімнен шығады. Тәжірибелі де талантты журналистер тізгінін ұстаған газеттің айы оңынан туып, сәт сайын жаңарып, күн сайын түрленіп шығып жатыр.Ондағы ойлы мақалалар жүректерге жетеді. Шалғайдағы Сарысудың да қуанышына ортақтасып, мұң-мұқтажын жазып жатыр. Кеншілер қаласы атанған Жаңатастың 50 жылдығын кең көлемде жазған – «Aq jol».
Жетпіс жылға жуық уақыттан бері осы «Aq jol» газетінің (бұрынғы «Еңбек туы») тұрақты оқырманымын. «Aq jol» газетіне келесі жылға толық жазылып, түбіртегін алып қойдым. Газет әр үйден табылса, өреміздің өскендігінің белгісі. Оқылымды материалдар өте көп. Сондықтан замандастарымды, барлық ауыл тұрғындарын «Aq jol» газетіне жазылуға шақырамын.

Асылбек Саттаров,
ҚР Білім беру ісінің үздігі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support