Газ құбыры ауыл ішіне дейін жүргізіледі

Облыстық «Aq jol» газетінің 2019 жылғы 17 қазандағы №116 санында журналист Марат Құлибаевтың «Сарыбарақ пен Шахан тұрғындарының сергелдеңінің сыры неде?» атты сыни мақаласы жарияланған болатын. Осыған орай Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітовтен жауап-хат келді:
«Байзақ ауданына қарасты газдандырылмаған 21 елді мекенге орта қысымды магистральды газ құбырын ауылға дейін жеткізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасымен «Комби Строй-1» ЖШС арасында келісімшарт жасалған.
Биылғы жылы аталған жобаға облыстық бюджеттен 1,365 миллион теңге қаралып 11 ауылға дейінгі газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы елді мекендер ішінде Сарыбарақ, Шахан ауылдарына да газ құбыры ауыл ішіне дейін жүргізіледі. Ауылдық округке осы мәселеге байланысты арнайы іссапармен барып, Сарыбарақ және Шахан ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Тартылып жатқан газ құбыры тек елді мекендер шетіне дейін жеткізілетіндіктен және бұл жобада ішкі жүйені жүргізу қарастырылмағандықтан тұрғындар үйлеріне газды өз есебінен кіргізу керек.
Сонымен қатар тұрғындарға ішкі газ жүйесін жүргізу жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерді белгілеп, тиісті құжаттарын әзірлеуге заңмен белгіленген 2 айдан астам мерзім керектігі ескертілді. Нәтижесінде тұрғындар келесі жылы газды өз қаражаттарына кіргізуге келісті. Қазіргі таңда 112 үйдің 85-іне газ жеткізілген, ал қалған үйлерге тұрғындар газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізеді».

Comments are closed.

https://4store.com.ua/