АҚЫЛЫ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ

Газетіміздің 10-ыншы қазан күнгі №113 (18763) санында журналист Ерғали Қартайғанның «Ақылы олимпиадалар» ақша табудың жолы ма?» атты мақаласы жарияланған болатын. Осыған байланысты облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмиля Бекбатыровадан жауап-хат келді. Ол хатта осы жылдың қыркүйек айында «Bilge Taraz» ЖШС-дан оқушылар арасында ақылы олимпиадалар өткізуге сұраныс хат түскенін, алайда басқарма тарапынан оған тыйым салынғаны жайлы айтылған. Сондай-ақ жауап хатта «Облыстық білім басқармасы аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелеріне мектептерде ақылы олимпиадалар мен байқаулар өткізуге болмайтыны және осы мәселені қатаң бақылауға алу туралы 21.10.2019 жылғы №02-5081 хат жолданып, ескертілді. Аталған мәселе облыстық білім басқармасының қатаң бақылауына алынды» делінген.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/