- Advertisement -

Қашан назар аударылады?

26

- Advertisement -

Біздің Шыңбұлақ ауылы аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл тұрғындары егін және мал өсіреді. Ауыл халқы мамыражай күн көріп отырғанымен, өркениеттен, мәдениеттен тыс қалып жатқаны алаңдатады.
Бүгінде еліміз қарыштап дамып, жаһандану дәуіріне қарқынды қадам басып отырғанда ауылымыздағы жолдың сапасы сын көтермейтіні, қала берді ауылда Мәдениет үйі – клубтың жоқтығы қынжылтады. Кейде тұрғындар демалыс кездерінде клуб үйінде концерт, мәдени шараларды тамашалағысы келеді.
Біздің осындай базынамызды билік өкілдері ескеріп, оның оң шешілуіне ықпал етсе деген тілегіміз бар. Шыңбұлақтықтардың «ауылымызға қашан назар аударылады екен» деп алаңдап отырған жайы бар.

Канал Құралбаев,
Шыңбұлақ ауылының тұрғыны.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support