- Advertisement -

БАЛАМНЫҢ ЖИНАҒАН ҚАРЖЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮРМІН

69

- Advertisement -

Бет қатталып жатқанда редакциямызға Тараз қаласының тұрғыны, жасы 80-нен асқан Махан Көдеков есімді ақсақал телефон шалды. Базынасы бар қария БЖЗҚ облыстық филиалына деген шағымын айтты.
Оның сөзінше, 2006 жылы өмірден озған ұлы Сәкен Көдековтің зейнетақы қорында жинағы қалған. Алайда ол жинақты қария күні бүгінге дейін ала алмай отыр екен. Жинақталған соманы алу үшін құжат жинап, мекемелерге баруға денсаулығы жарамайтын қарт: «Жасым 80-нен асты. Аяғым ауырады, құжат жинап жүруге жарамайды. Кемпірім де өмірден өтті. Осындай қиын жағдайымды біле отырып БЖЗҚ маған баламнан қалған ақшаны бермей отыр. Осы мәселені шешуге көмектессеңіздер екен?!» – дейді.
Тараз қаласы, Ы.Дүкенұлы көшесі, №215 үйде тұратын қартқа қолұшын созып, зейнетақы қоры облыстық филиалы басшылығы мен ұжымы баласынан қалған қаржыны қайтарады деген ойдамыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support