- Advertisement -

«Арай» алқабының жарықсыз көшелері

48

- Advertisement -

Тараз қаласының «Арай» алқабындағы Шота Руставели, Мұқан Атабаев және Жұман Баянов көшелерінің бойында әлі күнге дейін электр бағаналары орнатылмаған. Аталған көшелерге мемлекеттік стандартқа сәйкес электр жүйелерінің жүргізілмеуі салдарынан тұрғындар электр қуатын көрші орналасқан көшелерден жалғап, жабайы түрде пайдалану үстінде. Жауын-шашынды, дауылды кездерде бұл көшелер жиі жарықсыз қалады. Қыс айларының кешкі және таңертеңгі уақыттарында көше жарықтары болмауынан, №3 мектеп-лицей оқушылары жарығы жоқ көшелермен мектепке қатынайды. Бұл, әрине, олардың өміріне қауіпті.
2017 жылы Ш.Руставели көшесінің бойына электр бағаналарын орнату мақсатында маман-жұмысшылар арнайы келіп, сметалық-жобалау жұмыстардың картасын дайындаймыз, деп кеткен еді. Алайда олардан бүгінгі күнге дейін ешқандай хабар жоқ. Бұл іс бойынша көше тұрғындары облыстық энергетика мекемелерінің бөлім басшысы Нұржан Ережеповтің қабылдауында болып, талай рет арызымызды бергенбіз.
Тараз қаласының басшылары «Арай» алқабындағы аталған көшелер бойларына стандартқа сай электр жүйелерін орнатып береді деген сенімдеміз.

Бейбіт Байсариев,
зейнеткер, «Арай» мөлтек ауданының тұрғыны.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support