- Advertisement -

Өңір кәсіпкерлігі өркендей бермек

37

- Advertisement -

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері өңірімізде барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 106,4 миллиард теңгені құрайтын 1714 жоба жүзеге асырылды және жүзеге асырылу үстінде. Ал 2019 жылы 6,7 миллиард теңгенің 344 жаңа жобасы қолға алынды.
Оның ішінде бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы 88,6 миллиард теңгені құрайтын 1006, атап айтқанда 2010 жылы – 1, 2011 жылы – 24, 2012 жылы – 87, 2013 жылы – 72, 2014 жылы – 108, 2015 жылы – 147, 2016 жылы – 195, 2017 жылы – 207, 2018 жылы – 52 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл 113 жоба жүзеге асырылу үстінде.
Айта кетерлігі, аталған тетік бойынша жұмыс жүргізуде тараздық кәсіпкерлердің белсенділігі басым болып отырғаны байқалуда. Яғни жалпы жобалардың 508-і – Тараз қаласының, ал қалған 498-і – аудандардың үлесінде.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында «пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жобалардың басым бөлігі Шу, Байзақ, Қордай аудандарында жүзеге асырылуда. Ал оларды қаржыландыруда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облысымыздағы екінші деңгейдегі банктер арасында көш бастауда. Ол барлығы 318 жобаны қаржыландыруды жүзеге асырған. Жобалардың 138-і «БанкЦентрКредиттің», 90-ы «Сбербанк» АҚ-ның, 90-ы «АТФ Банктің», 72-і «Цесна-банктің», 65-і «ForteBank»-тің, 35-і «Евразиялық банкінің», 31-і «Нұрбанк» АҚ-ның, 29-ы «Банк ВТБ» АҚ-ының еншісіне бұйырып отыр. Қаржыландыру ісімен басқа да екінші деңгейдегі банктер түгел қамтылған.
Ал «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 4,7 миллиард теңгені құрайтын 396 жоба, атап айтқанда, 2011 жылы – 3, 2012 жылы – 5, 2013 жылы – 16, 2014 жылы – 37, 2015 жылы – 76, 2016 жылы – 60, 2017 жылы – 74, 2018 жылы – 58 жоба жүзеге асырылған. Ағымдағы жылы 67 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 12,06 миллиард теңгені құрайтын 95 жоба мақұлданып, жүзеге асырылу үстінде.
«Субсидиялау» құралы бойынша жүзеге асырылған жобалардың дені Тараз қаласының еншісіне бұйырса, ал «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша көрсеткіш керісінше. Яғни 95 жобаның 81-і облыс аудандарының еншісіне тиіп отыр.
Өңірімізде кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттар ұсыну ісі де жүйелене түсті. Аталмыш тетік облысымызда «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы сәуір айынан бастап енгізілді. Осы тетік бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы сомасы 499,3 миллион теңгені құрайтын 217 кәсіпкердің жобасы мақұлданып, қаржыландырылуға ұсынылған болатын. Оның ішінде биыл 339 миллион теңгені құрайтын 165 жобаны қаржыландыру көзделген.
Облысымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мол. Атап айтқанда, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аталатын 2-ші бағыты бойынша Тараз, Жаңатас және Қаратау қалаларында шағын несиелендіру және несиені кепілдендіру үшін биылғы жылға барлығы 1124,9 миллион (несиелендіруге – 1036,6 миллион, кепілдендіруге – 88,3 миллион) теңге бөлініп, толықтай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жолданып, облысымыздағы екінші деңгейлі банктерге орналастырылды. Бүгінгі таңда осы қаражат есебінен 38 жоба несиелендірілді.
Ал Тараз қаласы бойынша 75,3 миллион теңгеге 7 жоба мақұлданды, ал 322,4 миллион теңгенің 29 жобасын қаржыландыруға қатысты құжаттары екінші деңгейдегі банктерде қарастырылуда.

Жеңіс САРИЕВ,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support