- Advertisement -

Роза Манасқызы.

81

- Advertisement -

Кездесуді енді армандамаңыз!

Әткеншегімдейсің айналып тұрған,
Бұлттардан биік көтерген мені.
Жүрекке жүрсем қайғы алып жырдан,
Аялап мәңгі өтем деп едің.

Күйретіп мәні қалмаған өмір,
Тұйықтан бір жол таба алмап едім.
Өзіңді ғана таңдаған көңіл,
Жетелер жарық ғаламға мені.

Көкжиегінде көшкен уақыттың,
Кешегі күннің қалған ба табы?
Сен келген көктем ең бір бақытты,
Айналып кетті-ау арманға тағы.
Көз алмай қарап тұрамын енді,
Тағдырдың тосын сәттерін күтіп.
Арналсын саған жыр-әнім енді,
Жалғанда мынау әттеңім бітіп.

Жол тауып алып кетем деп едің,
Арманның мініп кемесін.
Күндерім өтіп барады-ай менің,
Айтшы сен қашан келесің?

Еркімді ойға көндірдім білем,
Қалдым ба сірә, жалғанда жалғыз.
Жанған алауды сөндірдің білем,
Кездесуді енді армандамаңыз!

Жұлдызым
менің ең жарық!

Құлазып үнсіз егілген шақта,
Таппадым дауа жаныма тегі.
Жанардан моншақ төгілген шақта,
Баласаң болды бағыңа мені.

Тірліктің мынау таба алмай мәнін,
Төбеме қойдым қолымды.
Жалғыздығымның жаға алмай шамын,
Сарғайып тостым жолыңды.

Ғайыптан жарық күнім боп келдің,
Кездерде көбелек көп өлген.
Сап-сары күзде гүлін көктемнің,
Қарша жаудырып төбемнен.

Жетемін саған мен жолымдағы,
Тау менен тасты аударып.
Шоқ жұлдыздардың шоғырындағы,
Жұлдызым менің, ең жарық!

Мұң шағып шіркін, ғаламға мына,
Ойыма барам тұншығып.
Жүрегі жарық адамдарыма,
Отырмын тағы қырсығып!

Талас ауданы.

Жақсымен
жолдас болсаң…

Қарамас дүниеде арға бұлар,
Аққуды жамандап та қарға қылар.
Жаманмен жолдас болсаң түбі сені,
Аяқтан шалып бір күн жарға жығар.

Кімге айтып шер-мұңыңды өкпелейсің,
Кімге кеп көз жасыңды төкпелейсің?
Жаманмен жолдас болсаң бұл жалғанда,
Жапырақ жайып інім, көктемейсің.

Сыр бермес саған мәлім, маған мәлім,
Жолатпай адамдардың жамандарын.
Жалғанда мына мені демеп жүрер,
Жақсымен жолдас болу – бар арманым.

Дүние-ай ерке қыздай маужыраған,
Көңіл-ай, кейде налып қалжыраған.
Жаманнан аулақ салып іргесін тек,
Жақсымен жолдас болсын әрбір адам.

Айтуған РЫСПАНОВ.

Сарысу ауданы.

Келіндерім

Көгершіні ауылдың – келіндерім,
Ұзақ болсын бақытты өмірлерің.
Құтты болып босағаң аттап түскен,
Жайнап жүрсін өмірде көңілдерің.

Отағаңмен жұптасып күліп жүріп,
Қолдайсыңдар бірің кеп біріңді нық.
Иіліп сәлем салып үлкендерге,
Тастайсың дәстүр-салтты ұғындырып.
Бақыт таппас еш адам күйінгеннен,
Бақыт таппас қабақ та түйілгеннен.
«Сендер жақсы келін» деп жадырап біз,
Мақтау айтып жүрейік сүйінгеннен.

Өмірдің лайы бар, тұнығы бар,
Жүрмеңдер, дүниеге құнығып әр.
Сен де ене боласың, ақ келінім,
Осыны жүрегіңмен ұғынып ал!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support