- Advertisement -

Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді

32

- Advertisement -

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 109 елдің спортшылары бақ сынаған VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді.

Реклама

АОСК баспасөз қызметінен хабарлағандай, VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарының биылғы ұйымдастыру комитетінің президенті, ҚХР Орталық әскери комиссияның вице-төрағасы Сюй Цилян Уханьда өткен ойынды жабық деп жариялады.

XxjpseE030397_20191027_MTPFN0A001.jpg

«Бұл жарыс әскерилердің кәсіби шеберлігін, нағыз рухты дәріптеді. Бұл ойындар ғажап әрі жаңа белес болды. Спортшылардың Қытай тарихында айрықша із қалдырғанына сенімдімін», — деді ол.

Ухань ойындары CISM тарихындағы ең ірі жарыстың бірі болды. Жарыс «достықты нығайту» ұранымен өтті. Жалпы жарысқа 109 елдің 9308 әскериі қатысты. Оның 67-сі – олимпиада және әлем чемпионы. Олар бұл жолғы ойындарда 27 спорт түрі бойынша 329 рекордты жарыс өткізіп, 7 әлемдік рекордты жаңартқан.

XxjpseE030452_20191027_MTPFN0A001.jpg

Ойын қорытындысына сәйкес, Қазақстан Қарулы күштері жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады.

Айта кетсек, Қазақстан қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support