- Advertisement -

Бақұл бол, батыр боксшылардың бапкері!

150

- Advertisement -

Облыстың спорт саласы ауыр қазаға ұшырады. Білікті бапкер, газетіміздің жанашыры, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Көпбосын Мәуленқұлұлы Сыдығалиев 53 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Көпбосын Мәуленқұлұлы 1967 жылы Жуалы ауданы Жаңаталап ауылында өмірге келген. 1988-1992 жылдары Жамбыл педагогикалық институтын дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.
Біраз жыл бойы бокстан облысымыздың жастар және ересектер құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Жаттықтырушы ретінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда Әлем чемпионатының жүлдегері Ғани Жайлауов, Азия чемпионы Алдияр Тұрсыналы, ел чемпионатының жеңімпаздары Мұхит Амантаев, Арбек Абдуғаниев, «Астана арландары» сапында бүкіләлемдік бокс сериясының чемпиондары атанған Жанболат Қыдырбаев, Мирас-Әлі Сәрсенов, Халықаралық турнирлердің жеңімпаз-жүлдегерлері Бауыржан Көшкінбаев, Жарас Сиқымбаев, Әсет Мырзабаевты тәрбиелеп шығарды.
Ол облыс спортының дамуына ерен еңбек сіңірді. Әріптестері арасында адамгершілігімен, адалдығымен, еңбеккештігімен, табандылығымен ерекшеленді. Ол облыстық «Aq jol» газетінің жанашыры еді.
Көпбосын Сыдығалиевтың жарқын бейнесі оны танитындардың жүрегінде мәңгілікке сақталады. Бақұл бол, батыр боксшылардың бапкері!
Жатқан жерің жайлы, жаның жәннатта болғай!

«Aq jol» газетінің ұжымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support