Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды

Жапон ғалымдары науқастың қандай қан тобына жататындығына қарамастан құюға жарайтын, яғни кез келген қан тобындағы адамға жарамды жасанды қан жасады. Бұл жаңалық өз кезегінде қан кетуден өліп кететін қаншама адамның өміріне араша түсуге көмектеседі. Бұл жайында «The Asahi Shimbun» мерзімді басылымы хабар таратты.
Осы уақытқа дейін дәрігерлер қан құюы үшін пациенттің қандай қан тобына жататындығын алдын ала біліп алуы тиіс . Бұл өз кезегінде біршама уақыт алатындықтан науқас қан кетуден өліп кетуі мүмкін. Сол себепті, жедел жәрдем көлігінде қан құюға тыйым салынған. Ал жасанды қан үшін мұндай фактордың маңызы жоқ, оны жедел жәрдем көлігінде құя беруге болады. Сол арқылы талай адамды ажалдан аман алып қалу мүмкін болмақ. Күншығыс елінің ұлттық қорғанысқа қарайтын медициналық колледж ғалымдары бұл тарапта қояндарға тәжірибе жүргізіп көрген, кері нәтиже байқалмаған. Дәлірегі, жасанды қанды көп қан жоғалтқан 10 қоянға құйған, оның алтауы аман қалған. Артынан оларға нағыз донорлық қан құйылған. Теріс жағымсыз әсері байқалмаған. Қалыпты температурада жасанды қан бір жылға дейін өзінің сапасын жоғалтпайды.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/