- Advertisement -

Бір күнде бір кітапты қалай оқуға болады?

78

- Advertisement -

«сана» орталығының жетекшісі Назерке ҚҰлжабай жылдам оқудың ерекше техникаларымен бөліседі

Саусақты жылдам қозғалту кітапты тез оқуыңызға көмектесетінін білесіз бе? Қалам кітапты оқуға қалай көмектеседі? Ол өміріңізді өзгерте ме? «Сана» орталығының жетекшісі Назерке Құлжабай жылдам оқудың ерекше техникаларын бөлісті.
Бұл қабілет күнделікті оқығанымызға қарағанда тез оқу дегенді білдірмейді. Жылдам оқу – оқығанды түсініп, есте сақтау. Оны үйрену үшін, ең алдымен, миды дамыту қажет. Сонда жылдам оқып қана қоймай, күнделікті өмірде, жұмыста кез келген мәселенің шешімін тауып, тез ойлануды үйренесіз. Барлық нәрсені оң қолмен немесе сол қолмен жасаймыз ғой. Сол сияқты миымыздың бір бөлігі ғана жұмыс істейді. Ең алдымен, оңды солға немесе солды оңға алмастырып үйреніңіз. Мысалы, таңертең тісіңізді оң емес, сол қолмен жуып көріңіз. Сол қолмен жазып үйреніңіз. Осындай қарапайым әдістер арқылы мидың екінші бөлігін жаттықтыруға болады.
Жылдам оқуды аз уақыт ішінде үйренгісі келетіндер қателеседі. Себебі бұл көп еңбек пен уақытты талап етеді. Жапон ғалымы Рюта Кавашиманың «Тренируем мозг» кітабында ұсынылатын әдіс – есеп шығару. Миды жаттықтырып тұрмасақ, егде жаста ми әртүрлі ауруға шалдығуы мүмкін.
«Мәтінді бірнеше рет оқығаннан кейін ғана түсінемін» деген адамдардың миын бір оқығаннан түсінуге үйрету керек. Жылдам оқудың ережесі – бір оқыған мәтінге қайта оралмау. Миға қайта-қайта оқуға мүмкіндік бермеңіз. Бұл техникаларды үйренгеннен кейін кітап оқуға деген ынтаңыз арта түседі. Себебі үш күн оқитын кітабыңызды үш сағатта бітіре аласыз. Мимен дұрыс жұмыс істегеннен кейін кітапта жазылған дәйексөздерді ұмытпайтын боласыз. Кітапты оқып қана қоймай, оның мағынасын түсіну деңгейіңіз арта түседі. Тез шешім қабылдап, сенімен әңгімелесудің қызық екеніне қуана бастайсың. Тағы бір артықшылығы – қатарластарыңнан ақылдырақ және табыстырақ болуың. Тез оқыған сайын жылдам ойлана бастайсың. Кез келген нәрсені жылдам орындаған соң кемшіліктер де пайда бола бастайды. Мысалы, асықпай сөйлейтін адамдар ашуға тие бастайды; видеоларды қалыпты жылдамдықпен көру ыңғайсыз болады. 1,5 немесе екі есе жылдамдыққа қойып көре бастайсыз; екі-үш секундта оқитын мәтінді аудио жазбамен ұзақ айтатындар ұнамайтын болады; көзің түскен мәтіннің барлығын оқи беретін боласың.
Кітап оқығанда дұрыс мақсат қойылмаса, оқылған ақпарат бірден ұмытылады. Біліктілігімді арттырамын деген сенім болғанда ғана алған ақпарат құнды болады. Жылдам оқу миға тікелей байланысты. Мидың жұмысы жақсы болса, өміріңіз де жақсы жаққа өзгеретіні сөзсіз.

baribar.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support