Ағаш отырғызу – үлкен міндет

Ләззат ҚҰРАЛБАЕВА

Өткен сенбідегі республика бойынша ағаш отырғызу акциясына Меркі ауданының тұрғындары да белсенді түрде қатысты.
Орталық саябақтан бастау алып, аудан орталығында жалғасқан акцияны аудан әкімі Мейірхан Өмірбек бастап, орынбасарлары Марат Қасым, Мейіржан Сүлейменов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев және аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері де белсене атсалысты. Көшет отырғызу жұмыстарымен қатар, Орталық саябақтың ішіне тазарту жұмыстары жүргізілді.
Республикалық ағаш отырғызу акциясы ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде де қызу жалғасын тапты. Ауыл орталықтарында, мектептерде және тағы басқа әлеуметтік нысандардың айналасына тал егіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған акцияның аясында, аудан бойынша 150 шырша, 260 қарағай, 150 бозарша, 30 терек, жалпы, 590 тал-дарақ отырғызылып, ауданымызды көркейту жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/