- Advertisement -

Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді

55

- Advertisement -

31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.

Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов пен оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. «Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Командамызбен апелляция береміз.

Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балалар мен науқастарға берсін», — деді Багаутинов.

Жұмағұловтың қарсыласы бұрын UFC белбеуіне үміткер болған. Әлемдегі ең беделді промоутерлік компаниясының аясында Багаутинов жеті жекпе-жек өткізген, олардың төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліс тапты. Ал осы Сочиде өткен жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының қоржынында 19 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.

Сондай-ақ, Fight Night Global 95 аясында тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Еркінбек Инжель ресейлік Давид Бархударяннан жеңіліп қалды, ал Нұрбек Қабдрахманов отандасы Федор Бабичті жеңді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support