- Advertisement -

Өтініш те көп, сұраныс та аз емес

34

- Advertisement -

«Nur Otan» патиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелері де сан алуан. Айталық, ТарМУ-дың студенті Бақдаулет Кемелов қала бойынша қанша аула клубы жұмыс жасайтынын сұрай келіп, алда оның санын арттыру жоспарда бар ма деген сауалын қойған еді.
Шаһар басшысы балалар мен жасөспірімдердің бос уақтысын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын ала отырып отбасы құндылықтарына тәрбиелеу мақсатында құрылған қалада 4 аула клубының жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ таяу күндері осындай 3 аула клубы ашылғалы отырғанын жеткізді. Ал қала тұрғыны Гүлнар Әмреева Көлтоған шағын ауданынан берілген жер телімінің жоғары кернеулі электр желісінің астында тұрғанын айтып, соны ауыстырып беруді сұраған. Бұл мәселе де оң шешімін табатын болды.
Қабылдауға жазылған аз қамтылған жалғыз басты және көп балалы аналар тұрып жатқан үйінің суықтығын айтып, балаларына жылы киім-кешек әперуге көмек көрсетуін, тағы басқа мәселелермен қайырылған болатын. Онда көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті сала басшыларына зерделеп, нәтижесін өтініш иесіне баяндауды тапсырды.

Тараз қаласы.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support