- Advertisement -

«Өссе тілім мен де бірге өсемін»…

35

- Advertisement -

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» – тіл саясатын жүзеге асыратын басты мекемелердің бірі. Өңірдегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, мекемелер, кәсіпорын қызметкерлеріне үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) оқытып-үйрету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 2304 тыңдаушы оқу курстарынан өтті. Оның ішінде: қазақ тілінен – 802, орыс тілінен – 378, ағылшын тілінен – 1124 тыңдаушы тіл үйренуде.

Облыста тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымдағы қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және 22 облыстық этномәдени бірлестік арасында 2018 жылдың 11 мамырында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қазіргі таңда меморандум аясында мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген 595 этнос өкілі тегін курстан өтуде, яғни 22 этностың 21-і мемлекеттік тілді оқу курсымен қамтылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 ақпанында орталық пен «Қоғамдық келісім» мекемесі арасында «Мәміле» жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, айына 2 рет клуб отырысы өтеді. Қазіргі таңда этнос жастары клубтың тұрақты мүшелеріне айналып, Қ.Тасыбеков әзірлеген «Ситуативный казахский» әдісі бойынша қазақ менталитетінің ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі тақырыпта 12 отырыс ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі «Қазтест» жүйесі арқылы анықталады. Осыған орай, 2019 жылдың 11-15 наурыз аралығында 1880 адам тестілеуге қамтылып, В1 орта деңгейі бойынша 51,4 пайызды, С1 деңгейін меңгергендер үлесі 13 пайызды көрсетті.
Латыннегізді жаңа әліпбиді үйрету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 5 қыркүйегінде ашылған «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетінде ұлттық әліпбиді насихаттау бойынша семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізіліп, әдістемелік таратпа материалдар берілді. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты өткен республикалық ақпараттық насихаттау апталығы аясында әдістемелік құралдар мен әдістемелік сабақтар көрмесі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетінде облысымыздағы зерттеуші-ғалымдармен семинарлар ұйымдастырылды және тұрақты түрде «Латын сағаты» ашық есік күндері өтті.
Орталық қызметкерлері Тараз қаласы мен аудандарда «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін» түсіндіру, жаңа графикаға дағдыландыру мақсатында 1398 адамға «Латын графикасын үйрену оңай, әрі оңтайлы» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның облыс бойынша филиалымен меморандум жасалып, филиал қызметкерлерін латыннегізді әліпбиді оқыту курстары мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін меңгеру бойынша 36 сағаттық оқу курсының бағдарламасы әзірленіп, 17 топ, яғни 204 мемлекеттік қызметші оқу курсынан өтіп, сертификаттар табысталды. Оқу курстарын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 72 сағаттық оқу курсынан өткен тренер оқытушылар жүргізеді. Қазіргі таңда 18 қызметкер сертификатталған тренерлер санатында. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауда орталық оқытушысы А.Тұрсынбекова жақсы нәтиже көрсетіп, Тіл саясаты комитетінің дипломымен марапатталып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Сонымен қатар орталықтың әдістемелік кеңес мүшелері жаңа әліпби мен емле ережелерін меңгертуге арналған жаңа жазу дағдыларын өз бетінше игеруге көмекші құрал ретінде жаттығулар жұмысын, мәтінмен жұмыс, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер, Абайдың қара сөздерінен диктанттар жинағын, 20 қазақша әндер топтамасын әзірледі. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді үйрену бойынша 4 вебинар сабақ дайындалып, орталықтың ресми сайтына (www.tilzhambyl.kz), tilmedia.kz сайтына және «Уoutube» интернет каналына енгізілді. «Tarazlatyn» ақпараттық инстаграмм парақшасында емле ережелері, оқу дағдысын қалыптастыру үшін латын графикасында ғұламалардың қанатты сөздері беріліп отырады.
Орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшілігімен латын графикасын меңгертуге аса қажетті IT жобалармен, Qazlatun.kz ұлттық порталы арқылы жаңа қазақ әліпбиі туралы соңғы ақпараттармен бөлісіп отырады. Тілдерді қашықтықтан меңгеруге бағытталған интернет-ресурстардың қызметін танымал ету жөнінде жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қазақ, ағылшын тілі сабақтарында мультимедиалық оқыту жолға қойылған. Орталық оқытушылары интернет-ресурстарын пайдалану арқылы сабақтарын «LearningApps.org», «Socrative», «Thinglink» онлайн бағдарламаларымен оқытады. Сонымен қатар «Skype» бағдарламасы арқылы ағылшын тілінен аптасына 3 рет онлайн оқу курсы жүргізіледі. Орталықтың ресми сайтына (www.tilzhambyl.kz) және «Уoutube» интернет каналына қазақ тілін А1 қарапайым деңгейінде оқып үйренуге арналған 10 бейнесабақ енгізілді.Үш тілді оқыту курстарында «Kahoot», «Socrative» онлайн мобильді қосымшасы қолданылады.
Орталықтың tilzhambyl.kz ресми сайтынан кез келген тіл үйренуші онлайн жүйесінде курсқа жазыла алады. Сайт қолданушылары ҚАЗТЕСТ жүйесі, бекітілген жаңа терминдер және тілдік орта қалыптастыру мақсатында құрылған қазақ тілінен «SÓILE», ағылшын тілінен «Relax and learn» клубтары туралы ақпаратпен де танысуына болады және әрбір адам әлеуметтік желілерден де (Facebook, Instagram, Vkontakte) оқыту орталығындағы өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ала алады.

Гүлхан ӘЛІМБЕКОВА,
облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы
тілдерді оқыту орталығының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support