- Advertisement -

Ақпарат айдынында – «TARAZ24.KZ»

52

- Advertisement -

Бүгінгі таңда ақпарат таратуда жеделдік үлкен маңызға ие. Осыған байланысты кейінгі жылдары сайттардың саны артуда. Мұны уақыттың талабы, қоғамның сұранысы десек болады.
Өңіріміздің БАҚ кеңістігіне тағы бір электронды ақпарат құралы қосылды. Ол – «taraz24.kz» ғаламтор арнасы. Агенттіктің директоры – тележурналист Зарина Қуатова.
Тараздағы «Бүркіт» мейрамханасында электронды ақпарат агенттігінің ашылу салтанаты өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова ашып, ғаламтор арнасының қадамына сәттілік тіледі. Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан, облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген, облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев және журналист Қуаныш Иембердиев сөз сөйлеп, жаңа ақпарат агенттігінің жұмысы жемісті болуына ниеттестіктерін білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support