- Advertisement -

«Мәміле» клубы қазақ тілін меңгеруге шақырады

58

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру қашанда өзекті. Өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді меңгеруге деген талабына қолдау білдіру – басты мақсат. Осы орайда облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының бастамасымен құрылған «Мәміле» клубының ықпалы мол. Клубтың модераторы – Нұрбек Қасым.
«Мәміле» клубының «Қазақтану» тақырыбына арналған кезекті отырысында доцент, филология ғылымының кандидаты Рахат Саламатова тіліміз ойлау жүйеміздің айнасы екенін айтып, әр сөздің төркінін танып сөйлеу ұлттық кодымыздың қалыптасуына ықпал ететінін айтты. Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Айбек Тәутен жастардың бойындағы еліктегіштік қасиетті жоюға күш салуымыз қажет десе, облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, психолог Бақдәулет Тілеужан ислам дінінің қазақы дәстүр, әдеп-ғұрыптармен байланысы жөнінде ой қозғады.
Өзге ұлттың өкілі болса да таза қазақ тілінде сөйлеген М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Парида Мамедова рухани байлық арқылы жастардың жақсы жетістікке жететінін айтты. Келесі сәтте өзге ұлт өкілдері – жастар ойларын ортақ тілде ортаға салды. «Мәміле» клубы осы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге баулуды, қазақ тілінің жанашырларын сөйлете отырып тәрбиелеуді мақсат тұтады екен.
«Әзірге олардың қазақ тілін түсінгенінің өзі жетістік. Келешекте біз оларды қазақша таза сөйлеп, мемлекеттік тілде ой-пікір айтатын деңгейге жеткіземіз», – дейді облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support