- Advertisement -

Полиция қызметкері парасатты болуы қажет

45

- Advertisement -

«Transparency International» халықаралық ұйымының жыл сайын жариялайтын Жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан өткен жылы 180 елдің ішінде 124-орынға жайғасқан.
Ал зерттеу нәтижелері бойынша жемқорлық көрсеткіші жоғары саланың бірі – полиция қызметі. Десек те полиция қызметі – тәртіп пен талап қағидатын қатаң ұстанатын сала. Алайда мұндағы жемқорлық көріністері жол ережелерін бұзу, айыппұлды төлеу мен оны рәсімдеу кезінде орын алатындығы анықталды.
«Transparency International» ұйымының жүргізген сауалнама нәтижесі, полиция саласындағы әрбір алтыншы азамат ұсыныс алдымен делдалдардан болатындығын көрсеткен. Яғни «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің бар екендігін 78 пайызы растап отыр. Ал біздің облыста 2019 жылдың 25 маусымы мен 25 шілде аралығында сауалнама жүргізілген болатын. Нәтижесінде, аудандар бойынша Т. Рысқұлов ауданы – 77,5, Талас ауданы – 75,0 және Меркі ауданы 55 пайыз көрсеткішті құрады. Бұл – аудан тұрғындарының көрсеткіші. Жалпы, өңірдегі сыбайластыққа жол беретін сала бойынша сауалнамада, жергілікті тұрғындар полиция қызметінің үлесі 78,2 пайыз екендігін атап өтті.
Ағымдағы жылы полиция қызметкерлеріне қатысты департамент тарапынан қозғалған 9 істің біреуі ғана басшы лауазымда болса, қалған 8-і инспектор, учаскелік полиция, тергеуші және жедел қызмет офицері. Бұдан шығатын қорытынды, бұл саладағы жемқорлық сипаты төменгі лауазым қызметкерлері арасында жиі кездесіп отыр.
Осыған орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің алаңында жалпыға бірдей белгіленген гарнизондық кешкі ауысымға қатысты. Тараз гарнизонының жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша талаптарды жеткізді. Сондай-ақ полиция күштері жеке құрамының әрбір қызметкері сыпайы болуға және мүмкіндігінше қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға, адал қызмет атқару және парасаттылық принциптерінің қағидаларын айтты.
Қазіргі таңда полиция департаменті тарапынан ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жасалып келеді. Солардың бірі – облыс орталығында және аудандарда ашылған фронт офистер. Яғни бүгінгі күннің талабы – жұмыс форматы ашықтық принциптеріне ауысқанның белгісі.
Алайда полиция қызметкерлеріне қатысты зерттеу жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітпей отырғандығы белгілі. Осыған байланысты қазіргі таңда парасаттылық негізінде екі жақты басшылық пен қызметкер арасында арнайы келісім жасау ұсынылды. Яғни қызметкер заң бұзған азаматтан сыйлық немесе пара алуға келісімін берген жағдайда, қызметтен босауына өз келісімін береді. Нақтырақ айтқанда, парасаттылық тексерулерінен өтпеген қызметкер қылмыстық қудалауға ұшырамай, тәртіптік негізде жұмыстан шығару жазасына тартылады. Сондай-ақ екінші жағынан қылмыскерлер санының көбеймеуіне өз септігін тигізеді. Бұл жүйе қолға алынып, жүзеге асырылса полиция қызметінің қоғам алдындағы адалдық бейнесі күшейетіндігі анық. Жалпы алдағы уақытта, парасаттық негізінде өтетін іс-шаралар мен келелі кездесулер жалғаса бермек. Осы аталған жұмыстар қоғам санасына адалдықтан аттамай, парасаттылық негіздерін қалыптастыра отырып, мемлекеттің өсіп өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосар бірден-бір жолы десек болады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі облыс бойынша
департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support