- Advertisement -

Ұлы ақын өлеңдерінің өнегесі

64

- Advertisement -

Ұлы Абайдың шығармалық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Оның шығармашылығы әлі күнге темірқазық іспетті адастырмас құбылнама болып қазаққа қызмет етіп келеді. Келешегіміз осы таңда өмір сүріп жатқан жастарға тікелей байланысты. Сол себепті де ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы болашағымыз үшін Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін барынша насихаттағанымыз жөн.
Осы мақсатта және хәкімнің 175 жылдық мерейтойына орай Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттер үйінде Абай шығармашылығына арналған кеш өтті. Оқу орнының Биология кафедрасының аға оқытушы, профессорлар құрамымен ұйымдастырылған «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты шараның өте тартымды өткенін айта кеткен жөн.
Кеш барысында университеттің студенттері мен оқытушылар қауымы белсенділік танытып, Абай әлеміне саяхат кешкендей әсер алды. Оқу орнына қонақ болып келген түрікмен елінің өкілдері де қазақтың бас ақынының өмір жолы мен шығармашылығына қанығып, кешті қызыға тамашалады. Басқосуда көпшілік Абайдың қара сөздерін талқылап, мәнін ашып, өлеңдерін оқыды. Содан кейін «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқап, кешті түйіндеді.

Сайлан БЕГАЛИЕВА,
Тараз мемлекеттік
педагогикалық
университетінің
оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support