- Advertisement -

Шалғай ауылдың да шаруасы шалқиды

52

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары «Бекжан» шаруа қожалығының жүгері алқабымен танысудан басталды.
Өткен жылы өңірімізде құрылған механикалық жасақ облыс аумағындағы тозығы жеткен канал, бөгендерді тазалап, тиімді жолмен суармалы алқаптың көлемін кеңейтуде жемісті жұмыстар жүргізуде. Сондай ілкімді істің игілігін көре бастағандардың бірі – Мойынқұм ауылындағы «Бекжан» шаруа қожалығы.
Жеке шаруашылық құрылымы су мәселесі шешілгеннен соң биыл алғаш рет 30 гектарға жүгері егуді қолға алған. Ойдағыдай өнім алуды көздеп отырған қожалық келер жылы жүгері алқабын кеңейте түспек.
Облыс орталығынан ең шалғайда орын тепкен Мойынқұм ауданы да ауқымды жобадан сырт қалмақ емес. Өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына ауданнан Кеңес ауылдық округі енген. Оған бір ғана Айдарлы елді мекені қарасты. Округте барлығы 363 аула болса, онда барлығы 2004 адам тіршілік кешуде. Ауылда барлық аула сумен толығымен қамтылған десек, ондағы үй іргесіндегі жер көлемі 58 гектарды құрайды. 100 пайыз сумен қамтылған. Бұл жерлерді тиімді пайдаланып, табысқа кенелуге 318 аула ынталы. Сондай-ақ 93 аула 1 395 бас мал алуға ниетті.
Жоба аясында малға жемшөп дайындау, техника тапшылығын шешу, сапалы тұқыммен қамту, өнім көлемін арттырып, өткеру мәселелері шешілмек. Бүгінде жобаның бірінші бағыты бойынша тиімді несиеге 318 аула өтінім берген. Ал екінші бағыт аясында 93 аула иелерінен 1 395 бас мал алуға деген сұраныс түскен.
Асқар Исабекұлы жоба игілігі жалпы аулаларды тұтастай қамтуға негізделгенін айтып, оған барлық тұрғындарды тарту жолында жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Жиында басқа да бағыттардағы қолға алынған шаралар сараланды. Тұрғындардың сауал-тілектері тыңдалып, жан-жақты жауаптар берілді.
Аймақ басшысы Мойынқұм ауылы Омаров көшесінде орналасқан №8 Мойынқұм колледжіне атбасын бұрып, бос тұрған ғимаратының жай-күйін барлады. Бос тұрған ғимарат 25 пәтерлі жатақхана болып қайта жасақталып, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілмек. Ол үшін нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.
Сондай-ақ Мойынқұм ауылындағы аудандық орталық ауруханаға барған Асқар Исабекұлы нысанның жағдайына көңіл бөлді. 90 төсектік, 200 келушіге арналған аурухана 2005 жылы пайдалануға берілген. Облыс басшысына нысанның бірқатар мәселесі баяндалды. Атап айтсақ, қабылдау бөлімінде тәулік бойы шұғыл көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін бөлімнің ішкі құрылымын өзгерту және А корпусына ана мен балаға қауіпсіз емделуге жағдай жасау үшін есік-терезені ауыстыру, заман талабына сай ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының маңыздылығына мән беріп, алайда жасалынған жоба құнын оңтайландыруды тапсырды.

Мойынқұм ауданы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support