- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев қос Заңға қол қойды

91

- Advertisement -

Бірінші Заңға сәйкес, енді Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді.

Сурет : Ашық дерекөздерден алынды11 Қазан 2019, 16:49

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2006 жылдың 3 қазандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы Қазақстан — Ресей шекара маңындағы аумақ тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» қос Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бірінші Заңға сәйкес, енді Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді. Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасын енгізуіне орай, аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізілген болатын.

Президент қол қойған келесі құжат — «Қазақстан үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл құжатты Парламентте таныстырған болатын. Келісімнің арқасында қазақстандық ғалымдардың біліктілігі артады деп күтіліп отыр. Жергілікті ғалымдар еуропалық ұйыммен әріптестік орнатқан әлемнің 500 университетінде білімін шыңдауға мүмкіндік алады. Келісімде әріптестіктің тек әскери емес мақсатта жүзеге асатыны көрсетілген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support