- Advertisement -

Бишімбаев түрмеден босап шықты

52

- Advertisement -

Онымен бірге түскен суретін туысқаны салды.

Сурет : zakon.kz11 Қазан 2019, 14:52

Экс-министр Қуандык Бишімбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бостандықтағы Бишімбаевтың суретін Instagram-да Санжар Алтаев жариялады.

Экс-министрдің бостандыққа шағуына байланысты мән-жайлар анықталуда. Сот әзірге оның қандай жағдайда босатылғаны туралы мәлімет берген жоқ.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат 2017 жылдың 10 қаңтарында пайда болды. Аса шулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 23 адамның ісі қаралған, оның ішінде экс-министрдің бір бауыры болған. Бір кездегі жоғары лауазымды шенеунік Қызылордада шыны зауытының құрылысы кезінде 1 миллиард теңге жымқырды және бірнеше рет пара алу дерегі бойынша айыпты деп танылды.

2018 жылдың наурызында ол 10 жылға сотталды.

2018 жылдың желтоқсанында Бишімбаев қоныс-колониясына ауыстыру туралы өтініш берді. Бірақ сот өтінішті ішінара қанағаттандырған – 2019 жылдың қаңтарында ол жазасын өтеуге Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 мекемесіне ауыстырылған болатын.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support