- Advertisement -

Мемлекеттік мұражай директоры 10 млн теңге жымқыру күдігіне ілікті

124

- Advertisement -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

Сурет : yunews.yutest.kz11 Қазан 2019, 09:42

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» «мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК директоры мен мұражайдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар іс жүзінде қызмет көрсетусіз «Бітім» және басқа да үлестес жеке кәсіпкерлермен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жалған жасасу арқылы жүйелі негізде 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады..

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support