Студенттерге экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Студенттерге экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Рузуддинов атындағы медициналық стоматологиялық колледжі студенттеріне діни экстремизмді алдын алу шаралары туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық топтың түсіндіру мүшесі, дінтанушы Мейманқожа Нұрмұхаммед студенттерге жат ағымдардан келетін қауіп туралы түсіндіре отырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы айтты.

Оның айтуынша, 2011-2019 жылдар аралығында діни экстремизмге байланысты 1000-ға жуық адам қылмыс жасаған. Оның ішінде 32 адам қазір темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатыр.

Сонымен қатар, лектор адамдардың дәстүрлі көзқарастан қалайша деструктивті ағымға ауып кететінін түсіндірді.

«Адамдар қазір дінді сыртқы формасында қабылдай бастаған. Ал біздің ата-бабамыз дінді жүрекпен қабылдаған. Оның бәрі біздің әдебиетімізден, салт дәстүрімізден көрініс табады. Салт дәстүрімізде ізгі идеялар, рухани құндылықтар сақталған. Қыздардың сәлем салғаны, беташары, үлкенге — құрмет, кішіге — ізет деген деген бауырмашылдықтың болуы, туған-туыс арасындағы қатынас. Мұның барлығы дінмен біте қайнасқан құндылықтарымыз. Туған жерімізді, тілімізді, тарихымызды сыйлауды дінге қарама-қайшы келтіруге болмайды. Себебі біздің дәстүрлеріміздің ішінде діни құндылықтар бар. Оны бөлек шығаруға қарауға болмайды. Рухани құндылықтарымыз үндес. Ал деструктивті діндегілер бұл ұлттық құндылықтарымызды мойындамайды. Содан барып адасқанын білмей қалады», — деді Нұрмұхаммед Мейманқожа.

Айта кету керек, мұндай түсіндіру жұмыстары қазір Алматы қаласының көп орындарында өтіп жатыр. Лектор Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаты туралы айтып берді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауап алды.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/