- Advertisement -

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ

146

- Advertisement -

Дүниежүзілік пошта күні мерекесіне орай «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының орталық операциялық ғимаратында «Жазылушылар күні» өтті. Бұл мерекелік іс-шарада облыстық және қалалық баспасөз басылымдарының өкілдері өз өнімдерінен көрме жасап, баспасөзге жазылуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ алғашқы болып газет жаздырып алған оқырмандарға редакция ұжымдары арнайы жасаған сыйлықтарын табыс етті.
Іс-шарада арнайы сөз сөйлеген облыстық «Aq jol» газеті бас редакторының орынбасары Ақылжан Мамыт бүгінгі таңда газет-журнал оқудың маңыздылығына тоқталып, облыс айнасы болып отырған «Aq jol» газетінің мемлекеттік саясатты насихаттау барысында елмен етене жұмыс істеп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ жылдар бойы облыстың бас басылымына үздіксіз жазылып, өзі де тұрақты авторына айналған, Тараз қаласының тұрғыны Нұрмахан Тілегеновке алғысын айтып, арнайы сый-сияпат ұсынды.

– Баспасөзге жазылу науқаны әдеттегідей дәл осы пошта күні қарсаңында басталатын үрдіске айналып келеді. Бүгін де дәл сондай әдемі көріністің куәсі болып отырмыз. Міржақып Дулатовтың «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген сөзіне сүйенер болсақ, мықты баспасөзді іздеп оқитын оқырмандардың да маңызы зор екені аңғарыла түседі. Бүгінде жұртшылық қажетті ақпаратты жедел түрде әлеуметтік желілер мен ғаламтор сайттары арқылы білгенімен, баспасөз арқылы олардың маңыздылығын, нақтылын анықтап отыратыны бар. Осы тұрғыдан алғанда газет-журналдардың салмағы қаншалықты басым екені айтпаса да түсінікті. Қуанарлығы, басылымдарға жазылуға ниет білдіретін тұрғындар қатары ешқашан толастаған емес, – дейді «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы Жанат Әшірәлиева.
Сонымен, бүгіннен бастап «Қазпоштаның» кез келген бөлімшелеріне барып, өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз «Aq jol»-ға жазыла аласыздар.

Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support