- Advertisement -

Елі сүйген Елбасы

31

- Advertisement -

тұңғыш президент ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ

Елбасының 2000 жылы облысымызға келген сапарында жамбылдық ардагерлермен өткен жүздесуі. Ақсақалдарға құрметі Ұлт Көшбасшысының биік парасат иесі екенін көрсетеді. Бұл суретті де әулиеаталықтар қызыға тамашалап, Елбасының Жамбыл жеріне құрметі деп қабылдайды.

«ҚАЗФОСФАТТАҒЫ» ЖҮЗДЕСУ

ҚР Тұңғыш Президенті облысымызға келген сайын алып өндіріс ошағы «Қазфосфатқа» жиі соғатын. Бұл – 2000 жылғы сондай жүздесуден естелік. Елбасы кітапханасының музейінде сақталған бұл жәдігер де тарих парағына хатталуымен құнды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің
көмегімен әзірлеген Есет ДОСАЛЫ.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

БАҒА ЖЕТПЕС
ҚҰНДЫЛЫҚТАР қазынасы

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы халықтың ынтымағы мен сол елді басқарған тұлғаға тікелей байланысты. Елбасы – еліміздің Тәуелсіздігін алуына ықпал етіп, сол егемендікті қалыптастырған Ұлт Көшбасшысы. Халықты талай «Тар жол, тайғақ кешуден» алып шықты. Талай экономикалық дағдарыста даналығымен, парасатымен, көрегенділігімен жол тапты. Мемлекетімізді ұзақ жыл басқарып, әлемде еңсесі биік елге айналдырды. Білім саласына да сіңірген еңбегі көп. Халықарлық «Болашақ» бағдарламасымен дарынды балалардың шет мемлекеттердің озық университеттерінде білім алуына жол ашты. Оны бітіргендер қазір мемлекетімізде жауапты жұмыстарда жүр, ел дамуына үлес қосуда. Сондықтан Ұлт Көшбасшысына қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді.
Біздің мектеп-лицей ұжымы да облыстық тарихи-өлкетану музейіне Елбасы көрмесі қойылғанын қуана қабылдадық. Лицейдің он үздік мұғалімі мен он үздік оқушысы аталған көрмені арнайы келіп, тамашалап қайттық. Алған әсеріміз өте зор. Ол кісінің балалық шағынан даналық кезеңіне дейін қамтыған жақсы көрме дайындалған екен. 41 мемлекеттік ең жоғары марапатын иеленуі – Тұңғыш Президенттің абыройын айғақтап тұрғаны анық.
Лицейде де Елбасының ерен еңбегіне арналған іс-шара өткізіп, Ұлт Көшбасшысының көрмесінен алған әсерімізбен бөлістік. Оқушылар да Елбасыға өлеңдерін арнап, толғаныстарын жеткізді. Мемлекетті көркейткен, 30 жылдың ішінде талай маңызды істі жүзеге асырған Тұңғыш Президенттің атқарған жұмысы – баршаға үлгі. Тәуелсіз еліміздің тарихында оның өнімді еңбегі алтын әріптермен жазылып, айтыла беретіні ақиқат.
Біз Елбасыға арналған көрмені баға жетпес құндылық деп қабылдадық.

Мақсат Қазанқапов,
Қаратау қаласындағы мектеп-лицейдің директоры.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support